Ойсылқара – 1) түйе малы; 2) зат., миф.Ертедегі қазақтардың сенім-наным бойынша
түйе малының сақтаушысы, пірі[4, 639б.]. Түйе малы туралы арнайы зерттеу жүргізген
Ə.Жақыпов ел аузынан естіген аңыздар бойынша, ертеде түйе атасы саналған – Уайсхарра
немесе түйе бағушы – Қаусылқазы тəрізді адам аттарынан ойсылқара пайда болғандығын
айтады [5, 205б.].Ойсылқара сөзінің этимологиясына талдау жасаған Ə.Жақыпов: «Ойсыл» –
көне түрік заманынан кейінгі кезеңдердің бірінде түйе ұғымына ауысқан «ойыс-ылди» деген
екі сөздің айтыла келе кірігіп алып-бар-апар, қара-ала-күш-қарлығаш, т.б. сияқты кіріккен
сөз. Қазақ тілінде «ойсыл» сөзінің түйеден өзгеге айтылмайтындығын жаза келе, «Ойсылқа-
ра» атауындағы «қара» мал ұғымын білдіреді» [5]дейді.
Мал шаруашылығына қатысты лексиканы зерттеген Б.Тілепиннің пікірінше, парсы
тіліндегі «көлік», «көшуге керекті дүние» мағынасындағы вəсайел жəне оусаэл дыбыстық
құрамдағы сөздер қазақ, қырғыз тілдеріне ойсыл қалпында жеткен[6, 129б.].
Ə.Диваевтың мəлімдеуінше, «Ойсылқара – Уваис иль-Карани Арабиядағы Йемен өл-
кесіндегі Каран атты елді мекеннің тұрғыны Мұхамед пайғамбардың замандасы, өте діндар
кедей адам болған, керуендерге қосылып түйелерді жетектеп кəсіп еткен» [7].
Түйенің көшпелі тұрмыстағы орны жөнінде Ə.Х.Марғұлан: «Ойсылқара пірі қола
дəуірінің ғұн обаларынан табылған жартылай адам, жартылай хайуан бейнесіндегі қола
211
құймаларға негіз болып, мифтік сюжет арқауына айналуы оның көшпелілер болмысындағы
маңыздылығынан туындаса керек», – деп ой түйеді [8].
Төрт түлік пірлерінің этимологиясын зерттеген Ж.Сейітқұлова «Созақ ауданындағылар
түйе пірін Бүзірік ата деп аталуының бірінші себебін өзге түліктерге қарағанда дене-пішінінің
үлкендігіне байланысты, екінші себебі түйені төрт түлік ішінен (қасиетті) ұлыққа балауы-
ның, əспеттелуінің түп-төркініне, пірі атауына қосылған атрибут секілді» деп көрсетеді [9].
Түйенің киелігі жерлеу рəсімімен де байланысты болып келеді. Қазақ халқының жер-
леу рəсімінде түйеге өлік артқан, қабірін сол түйе шөккен жерге тапсырған. «Түйеге өлікті
артудың өзіндік дəстүрі бар, қазақтар ер кісі өлсе атан түйеге, яғни түйенің аталығына, ал
əйел кісі өлсе, сүйегін інгенге артқан. Өлік артқан түйенің екі құлағын мықтап бекітіп қо-
ятын болған, себебі Х.Арғынбаевтың түсіндіруінше: «Түйе – төрт түлік ішінде тез еститін
жануар. Қазақ ұғымында, өлікті жерлеп, қабіршілер 40 қадам ұзасымен, əзірейіл келіп,
марқұмнан жауап алады, сол кезде қиналған өліктің жан даусы шығып бақырады. Осы да-
уысты, егер құлағы ашық болса, өлікті артқан бірінші түйе естиді екен. Сондықтан да өлік
даусын естімесін, түйенің қасиеті қашпасын деген ырым-əдетпен оның құлағын бекітеді»
[3].
Қазақ арасында түйеге артып жерлеу рəсіміне байланысты көптеген аңыздар кездеседі.
Мəселен, ұлы ана Домалақ ене қайтыс болар алдында мынадай сөздер айтқан деген аңыз бар:
«Мен өлген соң батырдың жанына қоямыз деп əуре болмаңдар. Ақбоз атан келіп үй іргесіне
шөгер, сол атанға сүйегімді артып, соңынан ілесе беріңдер. Сол атан қайда шөксе, бұйырға-
ны сол жердің топырағы болар» [10, 13-14б.].
Біздің ойымызша, Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан «түйе» деген мағынаны білдіреді,
яғни парсының «көлік» мағыналы оусаэл сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшырауынан тіліміз-
де көшуге қажетті түйе малының пірін атайтын сөз пайда болған. Ал,қара «қасиетті» деген
ұғымды білдіреді.
Зеңгі баба.миф. а) Қазақ халқының мифологиялық танымындағы төрт түлік малдың
бірі – сиырдың иесі, пірі. б) Сиыр малы, қара мал[11, 130б.].Ə.Марғұлан өз еңбегінде «Айхо-
жа Азияда ислам дінін таратушы, түсі қара болған соң оны көбіне Зеңгі ата, Зеңгі баба деп
атаған. (Зеңгі баба Айхожаның лақап аты, Сүлеймен Бақырғанидың шəкірті) Бақырғани қай-
тыс болған соң Зеңгі баба оның əйелі Қамбар бибіні алған»деседі [8].
Ə.Нұрмағамбетұлы өз еңбегінде Зеңгі баба атауының тарихы туралы былай дейді: «Қазір-
гі түркі тілдері ішінен сиыр малының Зеңгі баба деп аталған пірін қырғыз тілінен ғана көре
аламыз»[12]. Ал, К.К.Юдахиннің құрастырған «Киргизско-русскийсловарь»-дан мыналарды
оқимыз: 1) Зеңгі баба айтылуда Үзеңгү баба жиірек кездеседі; Мүйізді ірі қара малының иесі;
2) мүйізді ірі қара мал (ауыспалы мағынасы); 3) зеңгилер – мүйізді ірі қара мал[12].
Зеңгі баба атауының ертеректегі жазба ескерткіштерінің бірінде «Зəңгі һəвэни» тіркесі
негізінде беріліп, оның аудармасын «эфиоп, қара өңді» деп түсіндіреді. Зеңгі парсы тіліндегі
қазақша қара түсті адам мағынасын береді жəне бұл тұжырым В.В.Радловтың да еңбегінде
«зангі» – эфиоп, негр деп берілген[13].
Ғалым С.Қондыбай бұл мифтік бейне туралы: «Зеңгі» – «қара түсті» дегенді білдіреді,
яғни əлгі пірдің денесі қара болғандығынан осылай атаныпты-мыс».
Зеңгі атаның əулиелігі жөнінде Ə.Диваев: «Зеңгі деген атқа ажарсыз болғандықтан, лақап
атқа ие болған деген. Зеңгі ата Шаш мекенінде туған. Ол Тəжі қожаның баласы жəне Əзірет
Арыстанбаптың немересі. Зеңгі ата əулие Қожа Ахмет Яссауидің (1166 жыл) 5-ші мүриді
(ізбасары) болған. Яссауи Түркістан қаласында жерленіп, қабірінің үстіне Темір зор ғима-
рат салғызған. Зеңгі ата Ташкенттен онша қашық емес, Шаш мекенінде жерленген. Қазіргі
уақытта ол мекенді əулиенің атымен атап айтқанда, Зеңгі ата атымен атайды. Онда көптеген
далалықтар тəуап етуге барады»[7].
Жылқының пірі – Қамбар ата. Кейде Жылқышы ата деп те айтады.Қамбар: 1) көл иесі;
212
2) көне. миф. киеліге табыну ретінде айтылады. 3) қазақтың наным-сенімінде жылқы малы-
ның пірі, иесі[14]. Аңыз бойынша Қамбар ата хазіреті Ғалидың дүлдүлін баққан кісі деседі.
Арғықазақ мифологиясын зерттеген С.Қондыбайдың пікірінше, Түрікпендік Гамбарбаба
– қазақтың Қорқыты сияқты сазгерлер мен əншілердің, ақындардың пірі болып саналады.
Ол дутардейтін саз аспабын ойлап тапқан деседі. Қамбардың тағы бір мифтік функциясы –
оның су стихиясымен байланыстылығы. «Көл иесі Қамбар-ау, Шөл иесі Қамбар-ау, қарағыма
көз сал-ау» – осының нышаны. Міне, Қамбарға берілген үш мифологиялық функция: а) су-
мен байланысты, ə) жылқымен байланысты, б) музыкамен байланысты.
Жылқы пірін қазақтан өзге мал баққан қырғыздар да Қамбар ата десе, сондай-ақ жылқы
ішіндегі ең тəуірі, жақсысы, тамашасы да Қамбар ата атауын меншіктейді екен. Өзбектер
мен түрікмендерде жылқы пірін Дүлдүл баба деп атау кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |