Список литературы:
1. С.К. Исламгулова, Как технологизировать процесс обучения, Алматы, 2009
2. Шоканова Р.Д., Модульная технология обучения казахскому языку как результативная.
Международная конференция «Язык, перевод и современные технологии обучения зыкам»,
Алматы, 2002 г., 5 стр.
3. Проектирование учебного процесса по модульной технологии в школе. Журнал «Твор-
ческая педагогика» № 4, Алматы, 2002 год, 3 стр.
А) Модульная технология обучения казахскому языку. Журнал «Əдіскер» Республикалық
ғылыми-педагогикалық журнал №1, 2003, 7 стр.
Б) Модульная технология обучения казахскому языку. Журнал «Əдіскер» Республикалық
ғылыми-педагогикалық
журнал «Əдіскер» №3,2003, 2стр.
В) Модульная технология обучения казахскому языку. Журнал «Əдіскер» Республикалық
ғылыми-педагогикалық журнал №4, 2003, 2стр.
4.С.И.Ожегов и Н.Ю.Шведова, Толковый словарь русского языка, Москва, 2006 г.
5. Г.М. Коджаспирова, А.Ю.Коджаспиров, Словарь по педагогике (междисциплинарный)
Москва - Ростов- на- Дону, Издательский центр «МарТ», 2005
6. А.К. Мынбаева, З.М.Садвакасова, Инновационные методы обучения или как интерес-
но преподавать, Алматы, 2010
7. С.К. Исламгулова, Как технологизировать процесс обучения, Алматы, 2009
8. Педагогика.Большая современная энциклопедия, Минск «Современное слово», 2005
9. Г.М. Коджаспирова, А.Ю.Коджаспиров, Словарь по педагогике (междисциплинарный)
Москва-Ростов-на-Дону, Издательский центр «МарТ», 2005
10. А.Грецов, Тренинг креативности для старшеклассиков и студентов, изд.ПИТЕР, 2007
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ БАСҚА ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАРДАН АЙЫР-
МАШЫЛЫҒЫ
Бөлекбаева Ж.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
магистранты
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-бе-
лестер, ұлы өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мəдениетінің негізгі көр-
сеткіші - көркем əдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал
осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразео-
логизмдер болып табылады.
Фразеологизм – өзінің бейнелілік, əсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қаси-
етімен көзге түсетін тілдің сөздік қорының айшықты да, мəнерлі саласының бірі. Фразеоло-
гизмдер – жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін арттыра түсетін, көңілдегі көрікті
ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында қор-
ланып, қолдануға дайын тұратын, қалыптасқан сөз тіркестері.Фразеологизмдер – тіл қазына-
413
сының байырғы да құнарлы қабатына, көркем сөз қорының сүбелі саласына жататын сыры
мол, мазмұны терең, қолданыс аясы кең құбылыс. Фразеологизмдердің тіл білімінен ерекше
орын алып, көптеген ғылыми зерттеулердің объектісі болуының себебі, біріншіден, олардың
сан жағынан көптігі, екіншіден, тілдегі қолданыс аясының кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-тақы-
рып жағынан ауқымдылығы жəне, төртіншіден, тіл практикасында жиі кездесуі. Фразеоло-
гизмдер сонымен қатар барша рухани өмірдің байлығын жан-жақты сипаттауда да ерекше
қызмет атқарады.Фразеология термині тіл білімінде екі түрлі мағынада – біріншіден, тілдегі
тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым деген мағынада, екіншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты
сөз тіркестерінің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Фразеологизмдер ұзақ тілдік
қолданыстан кейін ғана тұрақтылыққа ие болады. Фразеологизмдерді басқа тілдік бірліктер-
ден ажыратудың айырма-белгілері деп зерттеушілер мынадай үш негізге сүйенеді:1) мағына
тұтастығы
2) тіркес тиянақтылығы
3) қолдану тиянақтылығы
Сөз тіркестері аталған белгілерге бірден ие болмайды, фразеологиялық мағынаға ауысу
үшін бірнеше шарттарды қажет етеді. Олар:
1) тура мағыналы сөз тіркестерінің қоғамдық қатынастардың ауысуына, түрлі əдет-
ғұрып, ой-сананың өзгеруіне байланысты алғашқы мағынасының көнеленуі нəтижесінде
идиомалық оралымдар жасалады;
2) еркін сөз тіркестерінің мағыналық жағынан толығуы нəтижесінде фразеологиялық
мағынаға ие болады;
3) жиі қолданылу нəтижесінде тілдік оралымдар нақтылығын жоғалтып, алғашқы
құрылымдары өзгеріске түседі де, тұтас тіркеске ауысады.
4) сөз тіркестерінің алғашқы грамматикалық құрылымының өзгеруімен бірге, ғасырлар
бойы айтылған тұлғалары сақталып, тиянақты құрылымға айналады.
Тіл білімінде фразеологизмдерге беріліп жүрген анықтамаларда бейнелілік — фразеоло-
гизмдердің басты қасиеттерінін бірі ретінде жиі көрсетіледі. Фразеологизмдердің экспрес-
сиясын тудырудың бірден-бір жолы образдылық болып табылады. Еркін сөз тіркестерінің
образға ие болуы — фразеологизмге өтудің бірінші сатысы болып табылады.
Тура мағыналы еркін сөз тіркестері бір затты, құбылысты, басқа затқа, құбылысқа ассо-
циациялау (теңдестіру, ұқсату) нəтижесінде ауыспалы мағынаға ие болады. Еркін сөз тірке-
стерінің ауыспалы мағынаға өтуі - фразеологизмдердің алғашқы шарты. Ауыспалы мағынада
жұмсалатын тіркестің белгілі бір нəрсеге теңелетін, баланатын түрлері адам санасында образ
жасайды. Бейнеліліктің негізінде тура жəне ауыспалы мағынаның қарама-қайшылығы бола-
ды. Тілдік қолданыста ауыспалы мағынаға ие болған тіркестер дəл сол құрамында да тұрып,
тура мағынада жұмсала береді. Кейбір тіркестердің алғашқы өз мағынасы əлсіреп, қолданы-
стан шығып қалады да, екінші ауыспалы мағынасы ғана тілдік айналымда қалады. Олардың
ассоциацияланған негізгі құбылысы ұмытылады. Бұл — фразеологизм құбылысының бір
белгісі болып табылады.
Фразеологизмдердің бейнелілігіне диахрониялық тұрғыдан келгенде мынадай факторлар
əсер етеді:
1) экстралингвистикалық факторлар: фразеологизм образының уақытқа, қоғамға, əлеу-
меттік жағдайға, ұлттың тұрмысына, таным түсінігіне қатыстылығы;
2) лингвистикалық факторлар: бейнелілікті жасау тəсілдері, троп түрлері, теңеу, эпитет,
метафора, гипербола, литота.
Фразеологизмдердің бейнелілігі экстралингвистикалық жəне лингвистикалық факторлар
араласа қатар жүруімен жасалады .
Орыс тіл білімінде бұл салада көп еңбек жасаған ғалым-академик В.В.Виноградов фра-
зеологиялық орамдарды фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық
414
тіркес деп үшке бөлген. Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен əрқашан айқын
ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте-мөте күрделі
мəселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар əр түрлі жағынан қара-
стырылып, осыған сəйкес, олар түрліше топтастырылған. Фразеологиялық оралымдар линг-
вистикалық əдебиеттерде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның сыңарлары
мағыналарының арақатысы жағынан топтастырылса, екіншілерінде – құрылымы жағынан,
үшіншілерінде қызметі немесе эмоционалды-экспрессивті жағынан топтастырылады.
Тіл білімінде фразеологизмдер негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен
тұтасып, əбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын
тұрақты тіркестер жатады. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан
пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-əрекетті, сапа мен белгіні, зат
пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар орын тəртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алай-
да құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы, я болмаса тасаланбауы
жағынан елеулі өзгешеліктер болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолда-
нудан келіп шығады.
Фразеологиялық тізбек. Бұлар еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шыға-
ды. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен
жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады.
Профессор М.Балақаев пен профессор Т.Қордабаев тұрақты тіркестерді идиомалық тір-
кестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлген. Профессор А.Ысқақов та күрделі сөздерді топ-
тастыру мəселесіне қатысты айтқандарында тұрақты тіркесті идиомалық тіркес, фразалық
тіркес деп екіге бөледі. Профессрр К.Аханов: «...мақал-мəтелдер мен қанатты сөздерді фра-
зеологиялық единицалардың қай тобына жатқызу – өте күрделі мəселе», - дейді.Сонымен
қазақ тіл білімінде де фразеологиялық орам тұлғалары идиома мен фраза болатыны күмəн
тудырмайды. Проблема фразеологиялық тұлғаларды басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда
нені межелік белгі етіп алу керек екендігіне байланысты туады.Орыс тіл білімінде фразео-
логиялық тұлғалар жайында сөз қозғаған тіл мамандары оны басқа тілдік құбылыстардан
ажыратарлық белгі ретінде, негізінен, компоненттерінің тұрақтылығын, бүкіл тіркестің бе-
ретін жалпы мағынасы бөліп-жаруға келмейтін, тұлғасының күрделі, құрылымы жағынан
вариаттары болатын, сөйлеу кезінде құрастырылып жатпай даяр, жаттанды қалпында ойдан
шығарып айтқандай қолданылатынын, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейтінін айта-
ды. Ал қазақ тілінде тіл мамандары пікірлері де негізінен осы бағыттас болып келеді.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). Алматы, 1962.
2.К.Аханов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1965.
415
Достарыңызбен бөлісу: |