Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет41/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

 
Одағай 
 
Одағай дейміз – одағайланып, оңаша айтылатан сөздерді. Одағай 
сөздер қазақ тілінде көп. Барша шапшаң болған істі көрсету үшін 
айтылатын, барша жекіру, ақыру, тыйу, қайыру, тоқтату, басу, жұбату 
үшін айтылатын барша қуаныш, реніш, кейістік, уайым, қайғы, 
күйінгенде, 
сүйінгенде, 
қорыққанда, 
шошығанда, 
таңданғанда, 
тамсанғанда, жан я тән күйзелгенде, қиналғанда, я рахаттанғанда 


118 
айтылатын сөздер һәм шығатын дыбыстар – бәрі одағай болады. Солай 
болған соң да одағай бірнеше топқа бөлінеді. 
1) Ілезік одағай: лап, шап, жұлт, жалт, зып, сып, дік, күмп, дүрс, 
күрс, мырс, қалт, бырт, кірт, кілт, тырс, шақ, тақ, шық, зырқ, дүңк, асп, 
қып, жып уа ғайри сондай сөздер (лап етіп, шап етіп дегендегі сияқты). 
2) Еліктеу одағай: шыр-шыр! быр-быр! сықыр-сықыр! күлдір-күлдір! 
былдыр-былдыр! дыбыр-дыбыр! қарқ-қарқ! қаңқ-қаңқ! сұңқ-сұңқ! шық-
шық, маңқ-маңқ! күмп-күмп! дүңк-дүңк! пыс-пыс! уа ғайри сондай сөздер. 
3) Шақырыс одағай, адамды шақырғанда әй! «аттан!» һәм ұран 
сөздер, һәр жүздің, һәр рудың, һәр атаның шақыратын өз ұрандары 
болғандықтан, қазақ ұран сөздері басқа-басқа. Бірақ қазақ біткеннің бәріне 
бірдей жалпы ұраны «алаш!». Малды шақырғанда түйеге күс-күс!, 
жылқыға: құру-құру!, сырға: ау-қау!, қойға: пышайт-пышайт!, ешкіге: 
шөре-шөре!, итті шақырғанда: ка-ка!, көйт-көйт!, құсты шақырғанда: 
қайт-кел!, мысықты шақырғанда: мыс-мыс! 
Суға шақырғанда, түйеге: сорап-сорап, жылқыға ысқырғылайды, 
сиырға: шәум-шәум!, қойға һәм ешкіге: құрай-құрай!, итке: күш-күш!, 
мысыққа міш-міш! 
Жекіргенде адамға: тек! тәйт! қой!, түйеге: шөк, жылқыға: құрр! 
құрр! сиырға: өк! өк!, қойға: шәйт! шәйт!, итке: кет!, мысыққа: бырс! 
Мейіріммен я жұмсақ раймен айтқанда, адамға: қарағым! өкпем! 
сәулем! жаным! жүгерім! қалқам! қарашығым! айналайын! садағаң 
кетейін! құрбандығың болайын! Мал турасында түйеге: шөк, жануар, 
шөк!, жылқыға: құр, жануар, құр!, сырға: әукім, әукім!, қойға: қош, 
жануар!, итке: күшім! күшім!, мысыққа: мышым, мышым!, күйзелгенде: 
ух!, ах!, ай (жаным-ай), қуанғанда: алақай!, қойшы!, жақтырмағанда: 
апырым-ау! жаным-ау! жарықтық-ау! шіркін-ау! отағасы-ау! ойбай-ау! 
күйінгенде: апырым-ай! құдай-ай! ойбай-ай!, сыйынғанда: а, құдай! а, 
аруақ! а, бабам пәленше! я құдай! я аруақ! я, бабам пәленше (тілегенде де 
осы сөздер айтылады), қорыққанда: ойбай! аллаһ!, таңырқағанда: пай-пай! 
апырым-ай! ах! шіркін-ай! ах!, өкінгенде: қап! ах!, қайғынғанда: ух!, опық 
жегенде: әттегене-ай! (әттең ғана-ай); кіжінгенде: әттең! әттең ғана!, 
ұнатқанда: әйа!, қостағанда: ой, пәлі!, сүйінгенде: бәрекелде (бәраһ 
аллаһ)! жарайды!, алғыс бергенде: көп жаса! жасың ұзақ болсын!, әйел 
сәлем еткенде: көп жаса! ұл тап!, қарғағанда: құдай ұрсын! аруақ атсын! 
ант соқсын!, сөйлес қылғанда: үйде кім-ау! Сөйлеселік-ау!, көрмей 
сұрағанда: Бұ қайсың-ай!, бала тербеткенде: әлди! Әлди!, жетелегенде: ал! 
Қанекей! 


119 
Одағайдан туған сөздер 
 
Одағайдан екі түрлі сөз туады. Басқа сөздер одағайдан көмекші 
етістік һәм жұрнақ арқылы туады; Етістік арқылы, мәселен, лап ету, шап 
ету, жалт ету, жылт ету, зып ету, сып ету, дік ету, күмп ету, дүрс ету, мырс 
ету, қылт ету, барт ету, кірт ету, кілт ету, тырс ету, шақ ету, тақ ету, шық 
ету, зырқ ету, дүк ету, сап ету, қып ету, жып ету. 
Жұрнақ арқылы мәселен: лапылдау, шапылдау, жылтылдау, 
зыпылдау, сыпылдау, дікілдеу, күмпілдеу, дүрсілдеу, күрсілдеу, 
мырсылдау, тырсылдау, шықылдау, тақылдау, шиқылдау, қыпылдау, 
жылпылдау. 
Еліктеу одағайдан да осылайша етістік һәм жұрнақ арқылы туады
Етістік арқылы, мәселен: шыр-шыр ету, быр-быр ету, сықыр-сықыр ету,
сылдыр-сылдыр ету, күлдір-күлдір ету, былдыр-былдыр ету, дыбыр-
дыбыр ету, қарқ-қарқ ету, қаңқ-қаңқ ету, сұңқ-сұңқ ету, шық-шық ету, 
маңқ-маңқ ету, күмп-күмп ету, дүңк-дүңк ету, пыс-пыс ету. 
Жұрнақ арқылы, мәселен: шырылдау, бырылдау, сыпырлау, 
салдырлау, күлдірлеу, қаңқылдау, сұңқылдау, шықылдау, маңқылдау, 
күмпілдеу, дүңкілдеу, пысылдау. 
Шақырыс одағайлардан жұрнақ арқылы ғана туады. Мәселен: 
аттандау, алаштау, көс-көстеу, құрулау, ауқаулау, бышайттау, шөре-
шөрелер, көйт-көйттеу, қайткелдеу, мысмыстау, сораптау, шәйімдеу, 
құрайлау, күш-күштеу, мыш-мыштау. 
Мұнан басқа одағайлардан туатын сөздер: апырымдау, ойбайлау, 
ахылау, ухілеу, әлдилеу, уа ғайри сондайлар. 


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет