Киященко Н. И.: Эстетика философская наука


Аурелий Августин эстетикасы



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата29.11.2022
өлшемі2,76 Mb.
#53421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Тақ. 11.Өнер философиясы Презент (1) (1)

Аурелий Августин эстетикасы
• Оның пікірінше Әлем әдемі, өйткені оны Құдай жаратқан. Құдай -
мәңгілік және абсолюттік сұлулық. Көзге түсетін сұлулық
Августиннің пікірінше метафизикалық бірліктің, ритмикалық
артикуляцияның және заттардың мәнінің символы. Алайда өзінің
терең мәнінде сұлулық – бұл ақиқат пен ізгілік. Жасырын сипаттағы
ақиқат пен ізгілік сезімдік қабылданатын сұлулық формаларында
бейнеленеді. Демек сұлулықтың мәні оның өзі немесе сыртқы
көрінісі емес, ал оның ішкі жасырынған мәнінде.
• Осылайша, Августиннің айтуынша, Құдай - өзіндік сұлулығы,
тіршілік ырғағы, таза рухани нысаны және керемет әлемнің бірлігі
сияқты абсолютті сұлулық. Бірақ маңызды нәрсе, көзге көрініп
тұрған сұлулық емес, ал оның ішінде жасырынған мән болатын
болса, онда формаға мән бермеу қалыпты. Бұл ортағасырлық ресми
өнердің схемасы, символизмі және аллегоризмі үшін теориялық
негіздемені қалыптастырады. Сонда сұлулықтың өзіндік формуласы
мынадай болып шығады: «Барлық сұлулық бөліктердің үйлесімінен
және түстердің ләззатынан тұрады».


Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы



Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы
• Қайта өрлеу дәуіріндегі өнер теориясы мен философиясында Ченнино
Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи оқыту жүйелері
қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеу өнері теориясын
қайтадан жетілдірді. Суреттеу проблемасымен мына шеберлер: Ченнино
Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи жұмыс істеді.
Суретшілер алдыңғы кезеңдегі жұмыс әдісін түсіну үшін антикалық
мәдениетке көңіл бөлді. Олар табиғат көрінісін ғылыми түсіндіріп, ғылым
мен өнер арасындағы байланысты бекітуге талпынды. Пропорция,
перспектива, анатомияны білу өнер теоретиктері мен практиктеріне
маңызды болды. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері суреттің негізінде нұсқадан
сурет салу болуы керек деген. Бұл ой барлық трактаттарда жазылды.
Ченнино Ченнини «Байқа триумфальды арка арқылы өнерге апаратын
жоғары жетекшің-ол нұсқадан сурет салу» деді. Леон Батист Альберти
«Кескіндеме туралы үш кітап» кітабында кескіндеме, бояулар, бейненің
кеңістікте орналасуы туралы айтты. Альберти суретті тура математика
сияқты өзінің нақты заңдылықтары мен ережелері бар ғылыми пән ретінде
қарастырды. Суретті оқыту әдістемесіне үлкен үлесті Леонардо да Винчи
қосты. Леонардо да Винчи көп уақытты бейнелеу өнерінің ғылыми
проблемаларына бөлді, анатомиялық зерттеулермен айналысты, адам
фигурасының пропорционалды бөлшектену заңдылықтарын бекітті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет