Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата30.11.2022
өлшемі37,57 Kb.
#53661
1   2
Байланысты:
azastanda auyl sharuashylyyn zhymdastyru 445

жалған
ұжымшарқұра бастады. 1932 жылдың ақпанында Шу ауданында жүздеген шаруашылықтар
жиналып, 400 киіз үй “қала үлгісіндегі поселок” болып тігілді. Осындай жағдайлар әр жерде
кездесті. Абыралы ауданында барлық шаруашылықтың 70%-ы, Жымпиты ауданында 60%-ы,
Жəнібек ауданында 95%-ы ұжымдастырылды.
Шаруашылықты
ұжымдастыру
деңгейі
үнемі
өсіп
отырды.
1928
жылы
барлық
шаруашылықтың 2%-ы, 1931 жылғы қазанда 65%-ы ұжымдастырылды. Азықпен қамтамасыз
етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «əскери коммунизм» саясаты кезіндегі төтенше
əрекет жүргізілді. 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы мемлекетке етке
өткізілді. 173 мың малы болған Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай
ауданында 1млн-ға жуық малдың 98 мыңы қалды.
Торғайлықтар асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!” ұранын көтерді.
Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Сайлау құқықтарынан айыру, басқа аудандарға жер
аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстау тәсілдері қолданылды. Ұжымшарға кіргісі келмеген
кедейлер мен орташаларды “бай-кулактар” қатарына жатқызды. 1929 жылы 56 498 шаруа
жауапқа тартылып, 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір
шатырлы үйі немесе екі аты болуы жеткілікті болды.
Ақмола округінде сотталғандарды үй ішімен 24 сағатта жер аударып жіберген. Алматы,
Петропавл округтерінде қара бойкот (шет қақпайлау) жариялап, терезелерге тақтай қағып,


от жағуға рұқсат етпеген.
Ақтөбе, Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, суық су құйып азаптау, суық
қоймаларға қамау, кулак үйінде жаназа рəсімін өткізуге жол берілген.
1929-1933 жылдары БМСБ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) үштігі 9 805 іс қараған. Aту
жазасына 3 386 адамға, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға 13 151 адамға үкім
шығарды. 1933 жылы БМСБ үштігі 21 мыңнан астам адамды қамауға алды. Тұтас əулеттер
мен рулар да жазаға тартылды. Үштіктің хаттамаларына Ф.Голощекин, І.Құрамысов (1930 ж. 9
наурыздан) Г.Рошаль қол қойып отырды.
1930-1932 жылдары елді аштық жайлады. Аштықтан, түрлі індеттен халықтың 40%-ы
қырылды. 1931-1933 жылдары республикадағы 6,2 млн. тұрғынның 2,1 млн-ы қырылды. Оның
ішінде қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4 млн адам. 1 млн-нан астам қазақ
республикадан тыс жерге көшіп кетті. Ұжымдастыру қарсаңындағы мал саны – 40,5 млн
болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн ғана мал қалды.
1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге “Бесеудің хаты”
жазылды. Бұл хатты жазған қайраткерлер – Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дəулетқалиев,
Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев. 1933 жылғы наурызда Т.Рысқұлов аштық апаты туралы
И.В.Сталинге, М.М.Кагановичке, В.М.Молотовқа хат жолдады.
1929-1931 жылдары өлкеде қарулы қарсылықтар болды. 1929 жылы қыркүйекте
Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде, Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай
округіндегі Батпаққарада қозғалыстар болған. 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі
Созақта, Ақтөбе округіндегі Ырғызда, 1930 жылы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта
қозғалыстар басталған. Қозғалыстардың негізгі себебі – күштеп ұжымдастыруға, ғасырлар
бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар
ретінде жоюға қарсылық.
Семей округі халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан-мамыр аралығында
Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарын ірі толқулар қамтыды.
“Бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланған Торғай шаруаларының
Батпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті. Қарақұм көтерілісін Орынборда
орналастырылған 8-дивизия басып тастады.
Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді. 1931
жылғы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының
көтерілісшілері түгел қырылды.
Республика аумағынан шетке қашу жиіледі. Түрікменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауғанстанға –
Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы көшіп кетті. Қытай жеріне – Алматы
округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев
аудандарының халқы көшіп кетуге мәжбүр болды. Республика аумағында 372 толқулар мен
көтерілістер болған.
1932 жылғы қыркүйекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды. Мал
шаруашылығы аудандарында шаруашылық артеліне көшу сатысы ретінде бірлесіп жер өңдеу
мен шөп шабу жөнінде серіктестіктер құруды ұсынды. Саяси жағынан сəтсіздікке ұшыраған
басшылық (Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Голюдов) халық алдында жауапқа
тартылмады. “Жасанды ұжымшарлар” таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына
артельдер ұйымдастырылды. Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер халыққа қайтарылды.
Отырықшы аудандарға техникалық және қаржылай көмек көрсетілді.
1935 жылдың ақпанында екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болды. Ауылшаруашылық
артелінің жаңаүлгі Жарғысы қабылданды. Екінші бесжылдық кезінде егіс көлемі мен мал саны
өсті. Мақта мен қант қызылшасы егістіктері кеңейтілді. Көшпелі өмір салтынан
отырықшылыққа көшу аяқталды. 1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлты
ауданынан (Посьет) Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшірілді. Қызылорда мен Алматы
облыстарында корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды.
Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды:
1. Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.
2. Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет