Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет1/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



Н.Оразахынова, Е.Мұхтарова, Р. Шалова, М.Абдукодирова 
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ӘДІСТЕМЕСІ
(Әдістемелік құрал) 
Астана 2015 


«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ӘДІСТЕМЕСІ
(Әдістемелік құрал) 
Оразахынова Н.А, т.б. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының әдістемесі  Жалпы білім 
беретін мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал /Н.Оразахынова, 
Е. Мұхтарова, Р.Шалова, М.Абдукодирова/. – Алматы: 2015. – 236бет. 
 
 
Бұл әдістемелік құралда мектеп мұғалімдеріне Н.А.Оразахынованың 
«Сатылай кешенді оқыту» (ОСКО) технологиясының ұстанымдары, 
ерекшеліктері мен тиімділігі және әдістемесі жөнінде мәліметтер, әр пән 
бойынша құрастырылған сабақ үлгілері берілді. 
 
 
 
 
 
 
 


АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
БАСТАМАСЫ 
 
Білім алушыларымызға сапалы, ұлттық сипатта заманауи білім 
береміз десек, Алаш арыстарының педагогикалық, психологиялық, 
әдістемелік ой-тұжырымдарын білім беру жүйесінде басшылыққа алып 
жұмыс жасаудың мерзімі жетті деп ойлаймыз. Оған дәлел – олардың 
аталған ғылым салалары бойынша қалдырған мол мұралары. Алаш 
арыстарының білім беру мен ұлттық тәрбие саласындағы тың ойлары 
бүгінгі күннің сұранысын толық қанағаттандыратындығы ешқандай күмән 
туғызбасы анық. Ол үшін олардың әр айтылған ой-тұжырымдарына 
ерекше зерделілікпен, ұқыптылықпен қарап, қажетіне қарай ұстаздарымыз 
іс-тәжірибесіне ықыласпен енгізіп отыруы бүгінгі заманауи білім берудің 
басты қағидасы болу керек. Ең алдымен Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 
мына бір қағидасын бұлжытпай орындауға міндеттіміз: «Әдіс – 
керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын 
орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір 
жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау 
ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, 
емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де 
қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің 
жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де 
жақсы болады деп ешкім айта алмайды» [1, 357-б.] . Сондықтан ұлттық 
оқыту жүйесін А.Байтұрсынұлының осы пікірін басшылыққа ала отырып, 
бастауыш мектептің бірінші сыныбынан, тіпті балабақшаның мектеп алды 
дайындық тобынан бастап мына пікірін қалтқысыз орындау бүгінгі біздің 
басты мақсатымыз болуға тиіс:«...Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, 
қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен 
жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың 
оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де 
істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу 
үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы [1, 
434-б.]. Оған біздер биылғы бір жылдық тәжірибелік жұмыстың 
барысында көз жеткіздік. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясына екінші бір тірек болар 
теория Ж.Аймауытовтың комплексті оқыту жүйесі. Ол комплексті оқытуға 
былайша анықтама береді: «Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір 
тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп 
оқытуды комплекс деп атайды. Одан да дәлдеп айтқанда:
Өмірде шын жолығатын нәрселерді, құбылыстарды байланыстырып, 
ол құбылыстарды байланысқан, іліктескен, бір-біріне әсер еткен қалпында 
араларындағы қатынасын зерттеуді комплекс дейді. Комплекстің бірден-
бір мәнісі – «түйдек», «жуымық», «топ» деген сөздерге тура келеді. Ненің 


түйдегі, ненің жуымығы десеңіз, әр алуан нәрселердің түйдегі, жуымығы 
болу керек. [2, 5-том, 22-б.].
Ж.Аймауытов Комплекс тақырыбы қандай болу керек дейді де, оны 
былай санамалап көрсетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет