Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет179/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Оқулықпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді толық, жеке оқып шығу. Мәтінді бөліктерге бөліп, топтарға беру. 
Мысалы, 1-топ «Бұлшық еттерді», 2-топ: «Қаңқа, сүйек және буындарды», 
3-топ: «Жүйке және тыныс алу жүйесін» оқып топ ішінде талқылайды
сатылай кешенді талдап, түрлі ойындар арқылы қорғайды. Топтар бір-біріне 
туындаған сұрақтарын қоюға болады. Топтар бірін-бірі бағалайды). 
Адам. Адам денесінің құрлымы 
Жер бетіндегі көптеген тіршілік иелері сияқты адам денесі де 
жасушалар мен тіндерден тұрады. Мыңдаған жыл бойы адам денесінің 


құрлымын зерттеу арқылы ғалымдар мен зерттеушілер медицина тарихында 
айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 
Адам денесінің құрлымын зерттейтін ғылым «адам анатомиясы» деп 
аталады. Адам денесіндегі әр жүйе басқа жүйемен тығыз қарым-қатынаста 
жұмыс істейді. Әртүрлі жүйелердің үйлесімдікте қызмет атқаруының 
арқасында адам денесі мықты, денсаулығы мықты болады. Егер бір жүйенің 
қызметі бұзылса, ол тұтас ағзаның әлсіреуіне, дененің ауыруға шалдығуына 
әкеп соғады. 
Адам денсаулығын нығайтып, өзін-өзі рухани және күш-қуат жағынан 
жетілдіру үшін спортпен щұғылданады. Спорт адамның қозғалыс 
жылдамдығын арттыруға , шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке және күшті 
болуға дайындайды. Сонымен бірге адам бойындағы жақсы қасиеттерді 
қалыптастыруға, атап айтқанда, жауапкершілікке, сабырлылыққа, өзін-өзі 
қалыпты ұстауға үйретеді. 
Бұлшық еттер адам денесінің жарты салмағын бұлшық еттер құрайды. 
Бұлшық ет - біздің қозғалуымызға мүмкіндік беретін дене мүшесі. Ол 
арнайы жасушалар тобынан құралған. Мидан сигнал келіп түскенде, сол 
жасушалар бірден іске кіріседі.
Бұлшық ет «сіңір» деп аталатын созылыңқы жасушалар тобының 
көмегімен сүйекке жабысып тұрады. Ол байланысқа түскен кезде сіңірді 
созады. Сіңір өз кезегінде сүйектің қозғалуына ықпал етеді. Осылайша, аяқ- 
қолдарымыз қозғалыс жасайды. 
Біздің денемізде 640-қа жуық бұлшық ет бар. Олар үнемі бір-бірімен 
тығыз байланыста болады. Бұлшық еттердің қысқаруы, созылуы мүмкін. 
Бірақ серпімді емес. Олар көбіне бір-біріне қарама-қарсы топ болып 
орналасады. Бір топ бұлшық ет дененің алға жылжуына мүмкіндік берсе, 
екінші топ оны кері қайтаруға жәрдемдеседі. Бір топ тартылып жатқанда, 
екіншісі босаңсып, созылады. Сондықтан бұлшық еттерімізді бірігіп, бір 
мақсатта жұмыс істейтін топ ретінде көз алдымызға елестетуге болады. Аяқ 
пен қолдағы бұлшық еттер еріктілер санатына жатады. Өйткені оларды біз 
ақыл-ойымызбен қадағалап, жұмсай аламыз. Қалған бұлшық еттер жүйке 
жүйесінен сигнал алған мидың тапсырмасымен жұмыс істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет