ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
451
2016 жылы 24 маусымда Ташкент қаласында өткен ШЫҰ-ның саммиті
ұйымның құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті және ШЫҰ-ның 2025
жылға дейінгі Даму стратегиясы бойынша Жұмыс жоспарын қабылдады.
Ұйымға мүше-мемлекеттер жуық арада тездетіп БҰҰ-ның Халықаралық
лаңкестікпен күрес жөніндегі Жалпыға ортақ конвенциясын қабылдау ту-
ралы ұсыныстарын жасады. Қазақстан ШЫҰ-ның экстремизммен күрес
жөніндегі конвенциясын әзірлеуге байланысты ұсыныс енгізді. Біздің
ұстанымымызға сәйкес, діни экстремизм бейбітшіліксүйгіш исламмен
және басқа діндермен теңдестіріле қаралмауы тиіс.
Ұйымның келесі бір маңызды бағыты экономикалық өзара бай-
ланыстарға қатысты еді. Мен ШЫҰ-ның күшін инфрақұрылымды да-
мытуға, әсіресе Еуропалық экономикалық одақ пен Қытайдың «Жібек
жолы экономикалық белдеуі» жобасын ұштастыруға ұсыныс жасадым.
Қазақстан қай кезде де ШЫҰ-ның шын мәніндегі әрекет етуші құрылым
болуын жақтады. 2016 жылғы маусымда бірлестікті тығырыққа тіреуі мүм-
кін үрдістер туралы пікірімді ашық айтқан болатынмын: «Біздің міндетіміз
– ШЫҰ-ны аморфты, қағаз жүзіндегі, бюрократтық ұйымға (қазіргі АСЕАН/
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы) айналдырып алмау-
ымыз керек. ШЫҰ – Еуразия кеңістігіндегі маңызы өте жоғары ұйым. Егер
АҚШ Тынық мұхиты және Трансатлант аймақтарында еркін сауда аймағын
құратын болса, онда біз олардың ортасында қалып қоямыз. Осыған байла-
нысты, біз оның балама аналогын Еуразияда құруымыз керек».
Шанхай диалогының жиырма жылдығы және Шанхай ынтымақтастық
ұйымының он бес жылдығы – әлемде жаңа үлгідегі аймақтық құрылым
пайда болғанын және оның табысты дамып келе жатқанын көрсетті. Өт-
кен жылдардың аясында «бестік» алдымен «алтылыққа» айналды, ал енді
бүкіл әлемнің көз алдында салмақты, қарқынды, ашық жаһандық «се-
гіздікке» айналып отыр. Бұл өзіндік салмағы бар, даму қарқыны мықты,
айтар ойы ашық «сегіздік».
Достарыңызбен бөлісу: