НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет42/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

5. ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ 
ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР
ТІЛ, БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ 
Жаңа тіл саясаты. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру 
Қ
азақстандық мемлекеттіліктің құрылуы мемлекетке атауы берілген, көне 
де бай тіл – қазақ тіліне байланысты әділеттілікті қалпына келтіруді талап 
ететін. 
Қазақ тілі – қазақ ұлтының мәдени тұтастығының басты қайнар көзі. Ға-
сырлар бойы солай болған, болашақта да солай бола береді. 
1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы қоғамдық пікірталастарда 
тіл мәселесі басты тақырыпқа айналды. КСРО-ның ұлттық тілдерді дамы-
туға көңіл бөлмегені өз алдына, тіпті оны жасанды түрде тежеп отырға-
ны белгілі. «Жаңа тарихи қауымдастық» ретінде кеңес халқы тіршіліктің 
барлық саласында орыс тілін пайдаланды. Тоталитарлық биліктің мұндай 
саясатының республикалар, әсіресе қала халқы үшін аянышты зардабы 
болды. Мәселен, бізде ана тілін білмейтін білімді қазақтардың тұтас буыны 
қалыптасты. Оның үстіне әлеуметтік-еңбек, мәдени және қоғамдық-саяси 
қолданыстан іс жүзінде шығарылып тасталған қазақ тілі жаңа лексикамен, 
ұғымдармен және мазмұндармен мүлде байытылмады, яғни дамымады. 
Сондықтан да объективті түрде туған тілді тірілту және өзінің жаңа мемле-
кеттік мәртебесіне орай жаппай қолданысқа енгізу үшін тек қана ізгі ниет 
аздық ететін.
Қазақ КСР-інің тәуелсіздігі туралы декларация, «Қазақстан Республи-
касының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң және 1993 
жылғы Конституция жаңа тіл саясатының іргетасын қалады. Қазақ тілі мем-
лекеттік тіл болып танылды, орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі 
берілді.
Билік қазақ ұлтының ұлттық беделін нығайтуға, оның мәдениеті мен 
тілін дамытуға, әрі осы орайда республиканы мекендейтін басқа этностар-
дың құқығын бұзбауға ниеттілігін білдірді. Сондықтан тілдік тұрғыдағы кем-
сітушіліктің кез келген формасына тыйым салынды. Қазақстандықтардың 
бәрі қатынас тілін, оқуды, тәрбиелеу мен шығармашылықты еркін таңдау 
құқығын алды. Әсіресе, егер ел азаматы қазақ немесе орыс тілін білмесе, 


81
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
ол оның конституциялық құқықтарының шектелуіне негіз бола алмайтыны 
атап көрсетілді. 
1995 жылғы Конституция қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін нығайт-
ты. Билік бір кезеңде мемлекеттік басқару мен іс жүргізу саласында орыс 
тілінің пайдаланылуын тежемей-ақ, мемлекеттік тілдің позициясын айтар-
лықтай нығайта алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде мыңға 
жуық қазақ балабақшасы мен орта оқу орны ашылды, тілдік курс тарды 
оқыту тегін жүргізілді.
Қазақстанның күнделікті өміріне туған тіліміздің ешқандай мәжбүрлеу-
сіз оралуы маңызды. Газеттер сегіз тілде шығарылып, теле және радио ха-
барлар жеті тілде жүргізілді. Әлемдегі украин тілінде – Украинадан тысқа-
ры аймақта шығатын бірден-бір газет – қазақстандық «Украінскі новини» 
Украина бюджетінсіз жарық көрді. Қазақстандық корейлердің өмірі туралы 
баяндайтын орыс-корей тілді «Корё ильбо» туралы да соны айтуға болады.
Мемлекеттің ойластырылған және прагматикалық тіл саясаты елді ме-
кендейтін барлық этностық топтарды өзінің ұлттық ерекшелігін сақтау 
мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Осының бәрі қоғамдық келісімге ықпал етті 
және елдегі сәтті қайта құрулар мен оның болашақ жетістіктерінің кепіліне 
айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет