НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет43/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаңа білім жүйесінің іргетасы 
1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы экономикалық қиын-
дықтарға қарамастан, тәуелсіздікке қол жеткізу – білім беру жүйесі мен Қа-
зақстанның барлық педагог қауымдастықтары алдынан жаңа мүмкіндіктер 
мен көкжиектер ашты. 
Білім беру жүйесіндегі реформаларды бастамастан бұрын мемлекет 
олар үшін құқықтық негіз қалады. 1992 жылдың 18 қаңтарында «Білім тура-
лы» заң, 1993 жылдың 10 сәуірінде «Жоғары білім туралы» заң қабылдан-
ды. Олар ұлттық білім беру формаларының қолжетімділігін, зайырлы сипа-
тын, үздіксіздігі мен әртүрлілігін базалық принцип ретінде көрсетті. Елдің 
жаңа білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш (1–4 
сыныптар) және орта (7–11 сыныптар) мектептер, жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім сияқты бес деңгей бойынша қарастырылды.
Бұл салада монополиядан бас тартқан мемлекет оған нарықтық ме-
ханизмдер енгізуге ықпал етті. Жаңа типтегі оқу мекемелері (гимназия-
лар, лицейлер, колледждер, академиялар) пайда болып, бағдарламалар 
бұрынғыдан да байытылды, педагогтерге өз тәжірибесінде авторлық оқу 


82
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дәрістерін жүргізуге рұқсат берілді. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында 
тегін оқумен қоса, коммерциялық негізде оқыту да енгізілді. Сол жылдары 
өмірлік жолын таңдаған абитуриенттер үшін экономика және заң маман-
дықтары, сондай-ақ шет тіліне байланысты мамандықтар мәртебелі болып 
саналды. 
1992 жылы менің Жарлығыммен, оқуы шетелдік мұғалімдердің тар-
тылуымен, америкалық несие жүйесі бойынша жүргізілетін Қазақстандық 
менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) ашылды. Он-
дағы оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Ол, біздің елді айтпағанда, бүкіл 
посткеңестік кеңістіктегі принципті түрдегі жаңа оқу мекемесі болатын. 
1990-шы жылдарға тән зияткерлік еркіндік жағдайында ұлттық білім бе-
руді дамытуға әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін енгізу айтарлықтай әсер 
етті. Факультеттерде жаңа кафедралар пайда болып, түпнұсқалық бағдар-
ламалар мен әдістемелер енгізілді. Университеттер кеңестік Қазақстанда
болмаған мамандықтарға оқыта бастады. Атап айтқанда, Әл-Фараби атын-
дағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде және басқа да мәрте-
белі университеттерде сыртқы байланыстар саласына мамандар даярлау үшін 
халықаралық қатынастар және елтану бөлімдері ашылды.
Экономиканың жоғары білікті заманауи кадрларға деген сұранысын 
қанағаттандыру үшін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жа-
нынан Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі ашылды.
Сол жылы бекітілген Қазақстандық жоғары білім берудің мемлекеттік 
стандарты оның бакалавриат пен магистратура деген екі деңгейін енгізді. 
Жоғары оқу орындарына түсу емтихандары тест формасында жүргізілді. 
Абитуриенттердің білімін бағалаудың мұндай тәсілі объективті және ашық 
деп есептелінді. 1995 жылы әр мамандыққа жеке-жеке жоғары кәсіби білім 
берудің мемлекеттік стандарттары жасалып енгізілді. Олардың жалпы саны 
300-ге жетті. 
Біздің болашақты болжау мен стратегиялық көрегендігіміздің бір үлгісі 
– 1993 жылдың 5 қарашасында бекітілген «Болашақ» халықаралық стипен-
диясы болды. Мемлекеттің қаржылық жағдайы елеулі шығындарды ауыр-
сынатынына қарамастан, мен елдің болашағын ойлай отырып, ең лайықты 
деген жас қазақстандықтарды әлемнің үздік университеттерінде оқытуға 
қажетті қаржы бөлуге пәрмен бердім.
Менің ойымша, елді дамытуда және оның гүлденуіне ауқымды үлес қо-
суда жетекші рөл атқаруға тиісті зияткерлер шоғыры солардан қалыптасуға 
тиісті болатын.
1994 жылы Қазақстанның 187 студенті АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Герма-
ния мен Францияға оқуға аттанды. Шетелдік жоғары оқу орындарымен 


83
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
әріптестік дамып, нығая түскен соң бұл кеңістік те ұлғайды: жастарымыз 
Қазақстан экономикасына қажетті жаңа мамандықтарға ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет