№3 СӨж а2 деңгейі бойынша СӨЖ тапсырмасы: Ұсынылған тақырыптардың біріне таныстырылым (презентация)



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата30.11.2022
өлшемі203,41 Kb.
#53880
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
№3 СӨЖ тапсырмасы



№ 3 СӨЖ 
 
А2 деңгейі бойынша 
 
СӨЖ тапсырмасы: Ұсынылған тақырыптардың біріне таныстырылым 
(презентация) дайындау. Жұмыс ауызша қорғалып, порталға
жазбаша нұсқасы 
тіркеледі. 
 
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Өркендеу мен табиғат 
2. Басты байлық – денсаулық 
3. Қазақстан және туризм 
4. Тәрбие мен мәдениет 
5. Адам көркі – шүберек 
Жұмысты тапсыру мерзімі: 13-апта

 
Жұмыстың мақсаты: 
Студенттердің жұрт алдында сөйлей білу дағдысын қалыптастыру 
мақсатында берілген тақырыпқа сәйкес материал негізінде тақырыпты 
таныстыру.
Жұмыстың кезеңдері: 
- берілген тақырып бойынша материал іздеу; 
- материалды іріктеп, сұрыптау; 
- қорытынды қорғау. 
Қорғауға қойылатын талаптар:
- тақырыпты ашу; 
- ойын жеткізе білу (тілдік құралдарды пайдалану деңгейі); 
- қорғау уақыты 3-5 минуттан аспауы керек;
- жұмысты уақытынан кешіктірмей, PORTAL ақпараттық жүйесіне жүктеу; 
- жұмыс жазбаша рәсімделіп, ауызша қорғалады. 
Таныстырылымның талаптары: 
Таныстырылымның мазмұны: 
- тақырып пен мазмұнның сәйкестігі;
- материалды беру (слайдқа бөлу);
- графикалық ресімдеу негіздемесі (суреттер, сұлбалар, диаграммалар);
- мазмұндау сауаттылығы;
- ақпарат көзіне сілтемелер (оның ішінде Интернет қорлары).
Слайдтар қалай жасалуы керек?  
Слайд жасағанда мынадай шарттарды ескеру керек: 
- бір слайдқа бір сөйлем жазыңыз (тұтас мәтін салынбайды); 
- әр слайдқа сәйкес сурет қосыңыз; 
- сіздің ойыңызды дәлелдейтін кескін немесе сурет, сіз сипаттап отырған 
заттың тұжырымын түсінуге мүмкіндік беретін диаграмма, деректер көрсетілген 
кесте, үдеріс алгоритмін көрсететін блок-сұлба; 


- слайдтың дизайнына көңіл бөліңіз; 
- әрбір слайд қажет болуы керек;
- слайд сөйленген сөзді толықтырып немесе қорытындылауы керек; 
- слайдта толық сөйлемдерді емес, сөз тіркестерін пайдалану керек;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет