Ақан сері Қорамсаұлы(1)


Ақанның елдің қоныстан айырылуына



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата30.11.2022
өлшемі3,16 Mb.
#54025
1   2
Байланысты:
Ақан сері Қорамсаұлы(1)

Ақанның елдің қоныстан айырылуына 
наразылық білдірген азаматтық лирикалары 
мен сықақ өлеңдері
Ақан серінің жер-судан айырылуына наразылық білдірген 
азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері өткірілігімен 
ерекшеленеді. 
Қоныс жоқ жан-жағыңнан тарылмаған, 
Патша отыр, жұтамын деп, бір əбжылан. 
Қазаққа айдап салды шенеунігін, 
Соқамен қазақ жерін жырымдаған, — деп ашына сөйлейді. 
Ақан сері ел ішінде патшаның сойылын соғып жүрген əкім-
болыстарға сықақ өлеңдер көп жазады. Ақанның «Нұртазаға», 
«Шойырмаққа», «Шар таласы», «Парашыл оязной» сықақ 
өлеңдері бар. 


Ақанның елдің қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері

«Шалабай болысқа», «Бір болысқа», т.б. өлеңдері қазақ арасындағы отаршылар орнатқан 
болыстық билікті сынауға арналады. Болыстардың отарлаушыларға қосыла қанауы, қараулық іс-
əрекеттері, екіжүзділіктері, жалтақ мінездері, қулық-сұмдықтары таразыға тартылады. Онсыз да 
бірлігі бұзылып, тірлігі кеміп жатқан қазақ елінің берекесін кетіріп, лаң салып жатқандарынан 
толық мəлімет береді. 
Көкшетау дуанында сайлау болды... 
Шаймұрат, Шернияздай екі мырза 
Жұртына би қой деген байлау болды... 
Немесе 
Шалабай, болыс болдың малды айдап, 
Соғыстың досыңменен алақайлап.


Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына 
наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ 
өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной 
молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы 
Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы 
өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген əкімдерді 
“Кей жаман мал бітті деп əкім болар”,- деп əшкерелейді. 
Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан 
айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, əділдік, үміт күтеді. 


Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы 
қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге 
барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген 
сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде 
жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” 
(выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны 
айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген 
әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда 
әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін 
ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.

























Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет