. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
13
2-тарау
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР
2.1. Компьютерлік жүйелердің даму тарихы
Компьютерлік жүйелер – бұл деректерді жинауда, сақтауда, өңдеуде және жіберуде пай-
даланылатын программалық және аппараттық қамтамасыздандырудан тұратын әртүрлі ком-
поненттер жиынтығы.
Компьютерлік жүйелердің қарапайымынан бастап заманауи компьютерлерге дейінгі
тарихына шолу жасайық.
Адамзат әрдайым өз еңбегін жеңілдеткісі келген, ол ақыл-ой еңбегіне де қатысты. Оның
тарихы біздің дәуірімізге дейінгіIII ғасырда басталған, ол кезде Азияда
Абак деп аталатын
есептеуге арналған, жіпке байланған сүйектер пайдаланылды. 1630 жылдары Нэпер логарифм-
деу ережелері негізінде
Логарифмдік сызғыш пайда болды және ол сызғыштар 1970 жылдарға
дейін пайдаланылып келді. Логарифмдік сызғыш цилиндр форматында да және спираль фор-
матында да болды. 1592-1635 жылдары Вильям Шиккард қосу амалын орындайтын алғашқы
машина ойлап табады. Ал 1623-1662 жылдары Блез Паскаль азайту амалын да орындай ала-
тын, көптісті дөңгелектер жиынынан тұратын машина ойлап табады. Бұл істі әрі қарай Готф-
рид Лейбниц жалғастырып, арифметикалық амалдар орындайтын
механикалық калькулятор
жасайды. XIX ғасырдың 1801 жылдары қазірге дейін пайдаланылатын, алғашқы өнеркәсіп-
тік компьютер деп аталатын
Жакарданың Ткац станогы пайда болды, онда алғаш рет металл
карта түрінде программа сақталатын болды. 1822 жылы Чарльз Бэббидж өте үлкен калькуля-
тор «
Айырымдық машина» ойлап табады. Ол 1833 жылы «
Аналитикалық машина» ұсынады.
Бұл машина үтірден кейін алты санға дейінгі дәлдікпен сақтай алатын және енгізу үшін металл
перфокарталарды пайдаланатын есептеуіш «мельница» деп аталды. 1886 жылы Дорр Фелт
Арифмометрлерді
ойлап тапты. 1930 жылдары Ванневар Буш
dz = уdx дифференциалды тең-
деулерді шешуге арналған
Дифференциалды шешушілерді ойлап тапты, кейіннен оның электр-
мен нұсқасы пайда болды. 1936 жылдары
Релейлі компьютерлер пайда бола бастады, Конрад
Цузе
Механикалық калькулятор Z1 ойлап тапты, ол басқару жүйесі мен жадыдан тұратын
болды. 1939 жылдары Атанасов-Берри ақпараттарды сақтау үшін электронды лампаларды пай-
даланатын
бірінші электрлі сандық компьютерді ұсынды, оны
екілік жүйелі бірінші компью-
тер
деп атады.
Компьютерлік жүйелер шартты түрде компоненттер құрамына қарай және шығу уақы-
тына қарай
буындарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: