16
«Көшпенділер мәдениеті» бөлімі
Оқу мақсаты
9.1.3.1.
Әлеуметтік-қоғамдық
тақырыптар
аясында
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері
Білім алушы:
Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптардағы сөздер мен
термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білу және түсіну
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.
Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған.
Камзолды барқыттан
және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс
қапсырмамен қапсырған.
Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.
Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі –
кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының
ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен,
шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті
моншақ-маржан, алтын, күміс
теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның
төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп
санағанынан пайда болған.
Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы
конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі.
Сондай-ақ кестемен,
маржанмен әшекейленеді.
Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі.
Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік
өкшелі
етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген,
бірақ көбіне мәсі және оның
сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.
Достарыңызбен бөлісу: