Ақпараттар «+»/«–» БАҚ-тағы түрлі ақпарат түрлері адамның жан-дүниесіне теріс ықпал
етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсері жоқ.
Адами құндылықтарының жойылуына
қатігез бағдарламалар, ойындар
мен кинолар себепші емес.
Түрлі телебағдарлама, телехикая және жарнамалар отбасы қарым-
қатынасының қалыптасуына әсер етеді.
Ойынға тәуелді адам ойын кезінде басқа әлемге еніп, өмірде жүзеге
асырмаған ойларын орындағандай әсерде болады.
Ойынға тәуелділікті болдырмаудың бір жолы – баланы бақылау.
3. Мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы: - сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді;
- мазмұнға сәйкес ақпаратты анықтайды;
- мәтіннен 3 нақты ақпаратты анықтайды.
38
Оқу мақсаты 9.2.2.1 Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу
этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Жағдаятқа
сай
сөйлеу
этикеті
формаларын
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма БАҚ өкілдері, жастар, ата-ана, қоғамның өзге де өкілдерінің (таңдау бойынша)
қатысуымен «БАҚ жастарға тәрбие көзі бола ала ма?» деген тақырыпта ток-шоу
ұйымдастырыңыздар. Берілген сөйлеу этикетінің формаларын диалог мазмұнында
қолданыңыздар.
Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; дегенмен келісесіз бе; мен сіздің ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рақмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ..... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз. ________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы: - тақырып бойынша бағдарлама әзірлейді;
- қатысушылар сөзінде БАҚ-тың жастарға ықпалы туралы айтады;
- сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
39
Оқу мақсаты 9.2.5.1. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген
тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды
қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу