«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет33/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

Оқу мақсаты 
9.4.1.1. 
Мәтіндердің 
стильдік 
және 
жанрлық 
ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазу 
Бағалау критерийлері 
Білім алушы: 

Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын 
мақала жазады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары
 
Тапсырма 
Мектепішілік «Жас қалам» журналына «ЭКСПО көрмесі – қазақстандықтардың жеңісі» 
деген тақырыпта мақала жазыңыз. Ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: төрткүл дүние, тарихи күн, инновациялық даму, 
бедел, «Болашақтың энергиясы», техникалық жетістіктер, мәдениетаралық байланыс
баламалы энергия, энергия тапшылығы, т.б. 
______________________________________________________________________________ 
______________________________________________________________________________ 
 
Дескриптор 
Білім алушы: 
- кіріспе бөлімде көрме тарихы туралы жазады; 
- негізгі бөлімде көрменің тақырыбы мен көрмеге қатысушы елдер 
туралы жазады; 
- қорытындыда көрменің Қазақстан үшін маңызы туралы жазады; 
- мақала талаптарын сақтайды. 


48 
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі 
 
Оқу мақсаты 
9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі 
ойы мен көзқарасын анықтау 
Бағалау критерийлері 
Білім алушы: 

Мақсатты аудиториясы мен автордың негізгі ойын
көзқарасын анықтайды 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану 
 
Тапсырма 
1. Мәтінді 2 рет тыңдап, көзделген аудиториясын шеңберлерге орналастырыңыз. 
Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды 
тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске 
асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін 
биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің 
дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз 
күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология 
орталығының жұмысы да қарқынды. 
Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. 
Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу 
процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы 
қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.
Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа 
дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін 
ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы 
зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне 
жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және 
астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен 
түсіп қалады. 
Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар 
«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты 
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны 
талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы 
болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін. 
2. Мәтіндегі автор көзқарасын өз сөзіңізбен жазып, оған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет