Оқу мақсаты 9.4.5.1. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма Мәтінді оқып, тиісті орындарға тыныс белгілерді (сызықша, үтір, тырнақша) қойыңыз.
Тыныс белгілерінің қойылу себебін ауызша түсіндіріңіз.
Ахмет Байтұрсынов ақын әдебиет зерттеуші ғалым түркітанушы публицист педагог
аудармашы қоғам қайраткері. Туған жері қазіргі Қостанай облысының Жангелдин
ауданындағы Ақкөл ауылы. 1882-1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды. 1909 ж. патша
үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып 1910 ж. жер
аударылды. 1913 ж. Орынборда Қазақ газетін ұйымдастырып 1917 жылдың аяғына дейін
оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс
күшейеді. 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында болады. 1925-1929 жылдары Қазақ
халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж.
маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған ал жұбайы мен
қызы Томскіге жіберілген. 1934 жылы Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен
Е.Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) көмегімен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған.
Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 жылы қазан айында Ахмет
Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған. Екі айдан соң 8 желтоқсан күні «халық жауы»
деген жаламен ату жазасына кесілді. Дескриптор Білім алушы: - бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны
қояды;
- бірыңғай сөйлем мүшесі мен құрмалас сөйлемге қатысты үтірді
қояды;
- жалқы есімге қатысты тырнақшаны қояды;
- тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.