«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет5/53
Дата01.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз

Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары 
 
Тапсырма 
Мәтіннің жанры мен оның ерекшеліктерін анықтаңыз. Мәтіннің тіліне талдау жасаңыз. 
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады [1][2]. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек 
және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу 
оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты 
әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, 
алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы 
екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта 
өркендеу дәуіріне жатады.
Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия 
халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. 
Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа 
айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber – тәуелсіз, liber – кітап. 
Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) – а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг 
(қос дауысты) – аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) – ae, oe, ue бар. Дауысты 
дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы 
негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) 
болып бөлінеді. 
Дереккөзі: 
1. Дирингер Д., Алфавит, М., 1963. 
2. Добиаш-Рождественская О.А., История письма в средние века, М.—Л., 1963. 
Мәтіннің жанры 
Жанрлық ерекшелігі 
1. 
… 
2. 
... 
3. 
... 
Тілдік ерекшеліктері 
 
Дескриптор 
 
Білім алушы: 
- мәтіннің жанрын анықтайды; 
- жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді; 
- тілдік ерекшеліктерін талдайды. 



Оқу мақсаты 
9.3.6.1. 
Мәтінде 
көтерілген 
мәселені 
ғаламдық 
мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға 
беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет