Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

Ескерту. Тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде көшпелі халықтардың 
этникалық жүйесінің ішкі құрылымы әр қашан маңызды өзгерістерге 
ұшырайтын. Бірақ осындай бұзылулар кезінде ерекше әлеуметтік-саяси 
байланыстар түрі ретінде туыстықтың құрылымдық бірлігі өзгеріссіз 
қалады. Мұндай жағдайда ру басшылары кепілдік ретінде шығатын. Рулық 
құрылымның қызмет ету механизмінің мағынасы да қиын-қыстау 
кезеңдерде балама үлгі көрсететіндігінде: көшу, шапшаңдық және 
тойтарыс. Бұл жоңғарлармен қақтығысу кезінде де көрініп тұр, мұнда рух 
басшылары және көрсетушілері билер және батырлар болған.
Алғашқы жеңістерге Бұланты өзенінің жағалауында (Торғайдың 
оңтүстік-шығысы) және қазіргі кезде «Қалмақ-қырылған» атымен белгілі 
Қара-Сиыр жерінде қол жеткізілді. Шабуылдап келе жатқан үш жүздің 
лектері «Орда-басы» тауының етегінде бірікті (Шымкенттің батысына 
қарай). Дәл осы жерде терең күйзелістен кейін ерекше миссия (көшпелі 
өркениет) иелері ретінде жалпы Ұлы Дала мүдделерін қолдайтын басты 
саяси субъекті ретінде бірігу қажеттілігін түсінді. Сондықтан осы жерде 
«Ортақ іс бір-біріне деген адалдық антымен дәріптелді» және бұл жерде 
«Басты көсем ретінде Әбілхайыр хан таңдалып, және дәстүр бойынша 
құрбандыққа шалынған ақ боз ат болашақ табыс кепілі ретінде қабылданды». 
Қазақтардың осыдан кейінгі жеңімпаз шеруін Боролдай және Қошқар-Ата 
өзендерінің басында «Үлкен Орда қонған» және «Кіші Орда қонған» 
шатқалдарының атауларынан; Әбілхайыр сайының атауынан (Әбілхайыр 


ханның аты бойынша) көруге болады. Ақырында қазіргі кезде «Аңқарай» 
деген атаумен белгілі Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан жерде 
орасан зор қанды қақтығыс орын алды. Осы жерде қазақтар ең жарқын 
жеңістеріне қол жеткізді, бұл жеңіс әлі де ел есінде.
1730 жылға дейін үш Жүз қазақтары іргелесіп ортақ жауға қарсы 
жұмыла күресті. Әбілхайыр басты басшы болып қала берді. Дәл осы кезде 
белгілі бір оқиға болып, сұлтандар арасында толық бөліну орын алды. 
Әбілхайыр басшылық еткен Кіші Жүздің бір бөлігі және Сәмеке басқарған 
Орта Жүздің бір бөлігі майданды тастап, орыс шекарасына кетіп, сол жақта 
Ресейдің қоластына кірді. Әлі де болса қаһарлы Қоңтайшы алдында қалып 
қойған елдің маңызды бөлігіне қазақтың болашақ тағдырын шешуге тура 
келді. Бұл міндетті абыроймен Абылай хан шешеді. Қайтыс болған Болат 
ханның орнына Хан сайлануы сұлтандар арасындағы ұрысқа себеп болды. 
Көпшіліктің таңдауы Әбілмәмбетке түскендіктен, Әбілхайыр және Сәмеке 
өздерін еленбеген деп сезінді. Қазақтардың ортақ ісі осылайша бұзылды.
Орыс патшасына жүгінуді Әбілхайыр ықпал ету өрісіне деген күресте 
мүмкін әскери-саяси одақтас ретінде бағалады. Мәскеу үкіметі мұны өзгеше, 
жоғары «патша қоластына» қабылдау туралы сұраныс деп түсінді. Келіссөз
барысында орыс билеушілері қазақ билеушілерінің (оның ішінде Азияда) 
Ресей қоластына кіру мәселесіне деген көзқарастары Еуропаға қарағанда 
басқаша екендігін түсінді. ХVІІІ ғасырда хан жалғыз билік иеленуші болған 
жоқ. Мұндай тәртіп «Жеті Жарғының» тармақтарының бірінде бекітілген, 
атап айтқанда былай делінген: «Хан, барлық сұлтандар, ақсақалдар және ру 
басшыларымен қатар күзде халық жағдайын талқылау үшін жиналады». 
Оның үстіне билеуші ханның берген анты оның мұрагерлеріне ешқандай 
міндеттемелер жүктемейді. Патшаға келгенде А.И.Тевкелев «қазақтардың 
көпшілігі Ресей қоластына кіру туралы естігісе де келмеді» деп баяндады. 
Осыдан кейін тағы да бірнеше орыс-қазақ кездесулері орын алады. Бірақ 
бірқатар себептермен Қазақстанның Ресейге «қосылу» процесі ХІХ ғасырдың 
60-шы жылдарына дейін созылды.
Данышпан мәмілегер және соғысты жүргізу шебері Абылай қазақ 
мемлекеттілігінің сақталуы, беріктендірілуі саясатын жүргізді. Ол, 1748 
жылы Ресей қоластына кіріп, оны сақтай отыра, 1756 жылы Қытайдың да 
қоластына кірді, осыған қарамастан тәуелсіз болып қала берді десе болады. 
1755 жылы Абылай жоңғарларды жеңіп шығады. Сол жылы Амурсан 
хонтайшының қытайлықтарға қарсы көтерілісі орын алды. Көп ойланбай, 
Қытай императоры жоңғар халқын жою бұйрығымен өз әскерін жібереді. 
Шынында, қытайлықтар жасы мен жынысына қарамастан 1 миллионға дейін 
жоңғарларды өлтірді. Осы кезде батыстан оларға Абылай шабуыл жасады. 
Амурсан Ресейге қашып, осы жерде шешектен қайтыс болады (1757). 
Жоңғарларды жойғаннан кейін Абылай өз халқын шығысқа апарып, Алтай 
тауларына және Құлжа қаласының (қазіргі Синь-Цзянь) аймағына дейінгі 
ауқымды кеңістікті басып алады.
ХVІІ-ХІХ ғасырлар бойында Ресей мен Қазақстанның өзара 
қатынастарында эволюцияның келесі түрлері орын алды: көршілес 


қатынастар мен әскери-саяси одақты іздеуден Қазақ жерлерінің Ресей 
империясына қосылуына дейін. Қысқаша айтқанда, ХІХ ғасырда екі дүниенің 
бір державаға бірігуі Ресей державасының геосаяси бағыттылығын 
бейнелейді. Ресей Қазақ даласын Шығыста өз сауда-экономикалық және 
саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық плацдарм 
ретінде көздеді.
Қазақ жүздерінің Ресейдің қоластына кіру уақытын екі негізгі кезеңге 
бөлуге болады: І – нақтылы қоластына кіру кезеңі (1731 – ХІХ ғ. 20-шы ж.); 
ІІ – нақты қосылу және отаршылық бағыну кезеңі (ХІХ ғ. 30-60-шы 
жылдары). Бірінші кезеңде орыс үкіметі протекторат институтын қолданды, 
яғни Қазақстан, әскери бекіністер желісімен қоршалғанына қарамастан, Ресей 
империясының шегінен тыс, тәуелсіз болып қала берді.
ХІХ ғасырдың 30-шы жалдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру 
және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла 
бастады. Және де бұл жерде Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының 
бағдарын өзгертуіне орта азиялық фактор әсер етті (Англияның және 
Ресейдің мүдделерінің қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында 
өткізілген бірқатар әкімшілік реформалар мен әскери акцияларының 
нәтижесінде Қазақстан толығымен ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. 
Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі, яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды 
және ресейлік отар басқару органдары енгізілді. Ұлы Дала Ресей 
империясының шет аймағына айналды. Енді Ұла Дала көшпенділеріне өз 
шаруашылық тұрмысатыры мен қоғамдық өмірлерін өзгертуге тура келді.
1822-1824 жж. Жарғысымен көшпелі мемлекетті басқарудың саяси 
институты жойылды, 1867-1868 жж. Уақытша ережемен рулық 
институттарды жоюдың шарттары жасалды. Логутов былай деп жазады: «Бұл 
уақытқа қарай (20 ғ. басы) кезінде қаһарлы тайпалар мен рулардың қазақ 
одағы ыдырап, ал 1822 және 1868 ж. казактар туралы орыс заңдары 
қазақтардың өзін-өзі басқаруын да толығымен жойды. Хандар билігі 
қысқартылды, қазақтар енді рулық белгілері бойынша емес, аймақтар 
бойынша бөлінді, ал олардың басқарылуы «қазақтардан шыққан 
бастықтарға» берілсе де, олар Ресей үкіметінің қол шоқпарлары болды» 
(Казактардың рулық тұрмысының очеркі және бұрынғы Семей 
губерниясының аймағындағы қазақ руларының бөлінуі. М., 1929.). Дәл осы 
қайғылы кезеңнен қазақ өнегесінің төмендеуі басталады, сол дәуірдің 
қазақтары бұл уақытты Зар Заман деп атады. Дегенмен бұл қоғамның 
ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің рулық принциптері басқарудың түрі 
мен мазмұны өзгертіліп, бірақ өз мәнін сақтай отыра жойылған жоқ. Бұл 
феномен туралы Гейнс былай деп жазды: «не алыс туыстық, не ұрпақтар 
ыдыраңқылығы, не ішкі келіспеушіліктер, еш нәрсе ортақ рулық шығу тегі 
туралы естеліктерді жоя алмады» (Әдеби еңбектер жинағы. СПб., 1898.).
Тіпті отарлық шенеуніктердің өздері мойындағандай: «1867 ж. 
қабылданған Заңда қазақ руларын бөлу мақсатымен көшпелі халықты 
болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігі мойындалды, өйткені үлкен рудың 
бір ру басшысының қоластында біріктірілуі саяси тұрғыда зиянды деп 


танылды». Ал Қазалы уезінің бастығы хабарлағандай, күшті туыстары бар 
қазақтар тұрмысы ауқатты болады, өйткені қиын сәттерде байлар өздерінің 
кедей туыстарына көмектеседі және жиі жағдайда олар үшін салықтарды 
төлейді, ал кедейлер өз кезегінде оны еңбекпен қайтарады. Бұл рулық 
басқару әлі де өз мәнін жоғалтпағандығымен, және қазақтардың арасындағы 
басшының ықпалы орыс әкімшілігінен де жоғары болғандығымен 
түсіндіріледі» (Гродеков Сырдария облысының қырғыздары. Ташкент 1889.). 
«Бұл ру маңында халықтың барлық экономикалық және әлеуметтік өмірі 
шоғырланған уақыт болды, өйткені қазақ одағында тек ру ғана дербес 
құқықтық бірлік ретінде танылған және тек соның құрамына кіргендер ғана 
қажетті ұжымдық қолдауға ие болған» - деп жазады Логутов. 
19 ғасыр бойында жүргізілген бірқатар отарлық реформалардан кейін 
және 20 ғасырдың басында рулық құрылымдарды жоюға бағытталған 
күшейтіліп өткізілген қоныс аудару саясытынан кейін орыс үкіметі 
қазақтардың көшпелі өркениетінің дәстүрлі институтының жасытылуына қол 
жеткізді. Рулар, өздерінің еркін жерді иелену құқықтарын және өз 
мүшелерінің мүдделерін табысты қорғау құқықтарынан айырылып, бірте-
бірте үшмыңжылдық тәжірибенің субъективті психологиялық күйзелу 
дерегіне айналды. Бұл құбылыс Румянцевті таңғалдырғаны бекер емес, ол 
былай деп жазған: «Қазіргі бейбіт қырғызды көріп, оны кезінде сондай 
жауынгер және дамылсыз ата-бабалар ұрпағы деп елестету қиын» (Румянцев. 
Өткен және қазіргі замандағы Қырғыз халқы. СПб., 1910ж.). 
«Жарғы» аймақтық ұйымдар енгізіп, тайпалар мен тұлғаларға белгілі 
аймақтар бекітті, осы арқылы байланыстың екі әр түрлі және қарама-қайшы 
түрлерінің орын алуының негізін салды. Патша үкіметінің жерді пайдалану 
және жерді иелену жүйесін жаңадан енгізіуі дәстүрлі жерді пайдалану 
жүйесінің бұзылуына әкелді. Ол, өз кезегінде шаруашылық жүйесін де бұза 
бастады.
Жердің мемлекеттік меншік деп жариялануы үкіметке оны қазақ 
халқының қоныстау бөліктері ретінде қолдануынан алуға заңды құқық берді. 
Сұлтандық сословиенің барлық заңды және мұрагерлік құқықтары жойылды, 
барлық ресми билік орыстың шенеунік аппаратының қолында шоғырланды.
Сословиелік жеңілдіктер алнығаннан кейін қоғамдық қызмет бойынша 
жоғарлатылу құқығын тек байлық қана кепілдендіретін. Жалпы байлық 19 
ғасырдың екінші жартысының үстем болған ақсүйектері өсіп шыққан негіз 
болды. Сондай-ақ, орташа таптың ыдырау процесі күшейіп, кедейлердің 
пайда болу процесі орын алады. Көпшілік шаруашылықтардың кедейленуінің 
тездетілуінде келесі факторлар орын алды: біріншіден, тепе-теңді емес сауда 
айырбасы, екіншіден, жерлердің минимумге дейін қысқартылуы.
Тауарлық нарықтар таралған сайын барлық халық бірте-бірте тауар-ақша 
қатынастарына тартылды. Сауда дамуының ерекшелігі оның өсімқорлық 
сипаты болды. Тауарлық өндіріс дәстүрлі қатынастарды бұзды: 
қайыршылануға, кедейліктің көбеюіне әкелді. Дамыған капиталдық 
нарықтың жоқ болуында сауда капиталының пайда болуы, ауыл саудагерінің 
және өсімқор байдың монополиялық жағдайын жасады, және дәулеттілер 


мен кедейлер категориясының пайда болуына әкелді. Сауда қатынастарына 
қатысу дәрежесі бойынша 19 ғасырда үш категория адамдары ерекшеленеді: 
делдалдар (маклер), алып-сатарлар (агенттер) және дербес саудагерлер.
Жерлерді алу нәтижесінде кәсіпшілікке кету процестері күшейеді, яғни – 
балық, тұз, мұнай, тас көмір және мыс қорғасын кеніштеріне кәсіпшілікке 
кеткен, тасушылықпен айналысқан. Әлеуметтік дамудың нәтижелерінің бірі 
жатақтар санының өсуі болып табылады.
19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының 
отарына айналады. Дамудың іргелмелі-табиғи барысы үзілді. Өмір салты 
өтпелі сипаттармен сипатталады, кешенді шаруашылық қызметі оның негізі 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет