Қазақ əдеби тілінің функционалды стильдері жəне
ортақ база мəтіндерінің сипаттамасы
Ғылыми стиль бойынша 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі қазақ тілі
пəнінен мектеп оқулықтары, кейбір жаратылыстану пəндері бойынша бастау-
ыш сынып оқушыларына арналған оқулық, оқу құралдары мəтіндері, Қазақстан
тарихы жəне жалпы тарих пəні оқулықтарының мəтіндері, балаларға арналған
ғылыми-көпшілік еңбектер, балалар энциклопедиялары, балаларға арналған
БАҚ-та, ғылыми-көпшілік басылымдарда жарық көрген мақалалар, реферат-
тар, тезистер, жазба пікірлер, пікірсараптар, аңдатпалар, баяндамалар, ғылыми
тақырыптарды талқылаған сұхбаттар, дəрістер т.б. алынды. Сондай-ақ құрылтай,
конференциялар, симпозиумдарда айтылған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
ғылыми-көпшілік баяндаулардың баспасөздегі мəтіндері пайдаланылды.
Ресми-іскери стиль бойынша ресми қатынаста, əсіресе мектеп өміріндегі
іскерлік қарым-қатынаста, құжат жүргізуде, сол сияқты басқару мен құқықтық
қарым-қатынастың басқа салаларында, ішінара халықаралық қатынаста
қолданылатын заңнамалық құжаттамалар; білім беру, экономика, əскери салаға
қатысты құжаттар, жарнама, ресми мекемелердегі іс жүргізу мəтін үлгілері, үкімет
қызметі жəне т.б. іскери салаларда қамтылатын ресми сөйлеудің кең тараған
мəтіндері алынды.
Публицистикалық стильдің базасына балаларға арналған радио-теледидар
бағдарламаларының сценарийлері мен балалардың интернет ресурстарындағы
мəтіндері, мерзімді басылым: балалар газеті, балалар журналдарындағы беделді
тіл иелмендері – ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен журналистердің,
сондай-ақ балалардың өз шығармашылығының туындылары, əртүрлі қызықты
танымдық мақалалар, эссе т.б. алынды, сонымен бірге кең тараған ресми ұлттық
19
газеттердің қоғамдық өмірге, мəдениет, əлеуметтануға, ішінара саясат пен
экономикаға, экологиялық, мəдени, ахлақтық тəрбиеге т.б. алуан түрлі мəселелерге
арналған мəтіндер жинақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |