36
алынбады, себебі осы форманың сан есімдік қана емес, үстеулік те омонимі бар,
осыны ажырату үшін, бұлар өздері жеке омонимдік қатар құрды:
бір-ақ/сан есім
(мысалы,
бір-ақ күнде жетті, бір-ақ рет болды) жəне
бір-ақ/үстеу (мысалы,
ауылға бір-ақ тартты, етекке бір-ақ түсті).
Есімдіктің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері:
– сөзтізбеде есімдіктің барлық – жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік,
болымсыздық, жалпылау түрі қамтылды:
мен, сен, сол, ана, өз, əркім, ешкім,
барлық т.б.;
– лексикалық мағынасы есімдік мəнінен алшақтаған жатыс септігінің форма-
сы арқылы түрленген
онда, мұнда т.б. есімдіктер үстеу ретінде берілді;
– бірдеменің сөйлеу тіліндегі бейнормалық
бірдеңке қолданысы сирек (не-
бары 2 рет) болса да, сол сияқты
ештеме мен
ештеңе жарыспалы варианттың
бейнормалық
ештеңке қолданысы (небары 2 рет) сөзтізбеде сақталды, бұл
екіншілерінің (бейнормалық нұсқаларының) жиілігінің сиреу үдерісін аңғарту
үшін берілді;
– сонымен есімдігі осы формада берілді, леммаға келтірілмеді, себебі осы
күйінде қолданылып:
сонымен қатар, сонымен бірге, сонымен қоса – күрделі шы-
лау жасайды,
мұны, ондағы, содан, бұдан есімдіктері де осы себепті
бұл, ол, сол
түріндегі түбірге келтірілмеді;
– сөзтізбеде
бұл есімдігінің
бұ деген сөйлеу тіліндегі редукцияланған нұсқасы
берілді, себебі оның мəтіндердегі жиілігі аса жоғары – 2240 рет;
– əрқайсы, əрқайсысы екі түрлі нұсқада берілді, алайда орфографиялық ере-
же бойынша сөздікте бекітілген норма
əрқайсысы (жиілігі 47) болуы тиіс. Бұған
қарамастан мəтін базасында орфограммасы қате болып саналатын
əрқайсы
(жиілігі 804) тұлғасы ерекше жоғары жиіліктен көрінді. Сондықтан қазіргі
орфографиялық нормаға қайшы
əрқайсы нұсқасы сөзтізбеден орын алды.
– сөзтізбеде өздік есімдігінің тəуелдіктің үшінші жағындағы
өзі (жиілігі 8848)
жəне түбір
өз (жиілігі 29594) формасы да берілді. Нормаға сəйкес
өзі сөзі
өз түрінде
леммаға келтірілуі керек еді, алайда ол сөйлеуде дайын, сол күйі қолданылады,
мəтіндегі контекстерден тəуелдік формасы оған сөзтудырушы тұрпат бергенін
аңғару оңай: мысалы,
осы өзі дұрыс па, басшының өзі келді, мұның өзі; сонымен
қатар,
өзі есімдігінің түбір тұлғадағы
өз есімдігінен жиі қолданылады.
– есімдіктердің орфографиялық нормадағы жарыспалы варианттары сөзтізбеде
жеке-жеке жиілікте көрсетілді:
бəлен жəне
пəлен;
– неге сұрағының сөйлеу тіліндегі
неғып нұсқасы есімдік ретінде көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: