13
Егер 1995 жылғы сөздікте жиілігі жоғары алғашқы жүз сөздің ішінде 25, ал
2016 жылғы сөздікте 34 зат есім бар болса, олардың 15 екі сөздікте де қайталанып
тұр:
жыл, сөз, адам, қазақ, ел, жер, тіл, бала, күн, өлең, көз, үй, қол, бас, іс.
Мұның сыры неде? Неліктен соңғы, яғни тəуелсіздік алғаннан кейін шыққан
сөздікте алғашқы жүздіктің қатарынан
республика, мемлекет сөздері орын ал-
ған? – осы сұрақтардың жауабын қоғам тынысы мен сол қоғамды жасап отырған
адамның танымын қарастыратын, лингвистикалық ізденістің антропоөзектік
парадигмасындағы когнитивтік тіл білімі тұрғысынан жүргізген зерттеулер ғана
берері сөзсіз.
Олардың бірінде жиілік сөздіктердің мəліметтеріне сүйене отырып, қандай
да бір мəтіндер базасындағы жиілігі жоғары лексемаларға талдау жүргізу əдісін
доминанттық талдау деп атап, сол арқылы белгілі бір этнос, əлеуметтік топ не-
месе жеке тұлғаның концептуалды картинасының доминанттарын анықтауға
болатыны алға тартылып жүр
5
. Мұндай əдіске əбден сенуге болады деп ойлай-
мыз, себебі жиілік сөздік сөйлеу практикасын неғұрлым объективті көрсететін
сөздіктің бірегейі, өйткені ондағы жоғары жиілікті сөздер сөз ағымындағы көп
қолданысты, яғни сол тіл иелмені жасап жатқан белгілі бір қоғамдағы неғұрлым
сұранысы жоғары ұғым-түсініктерді көрсетеді. Зерттеуші доминаттық талдау
арқылы дүниенің тілдік бейнесі тұрғысынан жиілігі жоғары сөздерді анықтап,
одан əрі доминант сөздерден доминат концептілерді табуға жол ашады.
Демек, екі кезеңде: бірі – кеңестік, екіншісі – тəуелсіздік алғаннан кейінгі
жылдары жарық көрген жиілік сөздіктердегі
жыл, сөз, адам, қазақ, ел, жер, тіл,
бала, күн, өлең, көз, үй, қол, бас, іс атауыш сөздерінің жоғары жиілікпен сипатта-
луы олардың қазақ ұлттық концептосферасы доминант (базалық идеологиялық
жəне құндылықтық) концептілерінің тілдік репрезентанттары екенін көрсетсе
керек.
Республика, мемлекет сөздерінің Тəуелсіздік кезеңінде туындаған мəтінде
жиілігі жағынан алғашқы жүздіктен көрінуінің себебі де осында жатыр: мұны до-
минант концептілердің тəуелсіздік алумен байланысты этномəдени тілдік ұжым
санасындағы трансформацияның (толығуының) көрінісі ретінде қарауға болады.
Ұлттық санадағы өзгерістер – тілтанушылардың ғана емес, əлеуметтанушы, сая-
саттану, философ т.б. қоғамдық-гуманитарлық ғылым салалары мамандарының
зерттеу объектісі. Олай болса, жиілік сөздік аталған сала ізденушілері үшін де
деректер көзі болып табылады.
Сонымен, қорыта айтқанда, жиілік сөздік оқыту үдерісін ұйымдастырушы
құралдар əзірлеу, жаңа ақпараттық-лингвистикалық технологиялар жасау жəне
теориялық тілтанымдық ізденістер жүргізу үшін аса қажет лексикографиялық
еңбек болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: