тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы
өсімдіктермен тұрақты күресу керек.
Қазақстан орман шарулшылықтары жыл сайын 90 мың гектарга ағаштар
отырғызады. Онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі,
олардьщ ішінде дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар.
Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақ үйеңкі тоғайы
планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек
кездесетін реликті өсімдіктср түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының
бөктерінде бар.
Қазіргі жануарлар дүниесі
Қазіргі жануарлар дүниесі
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің
178, кұстардың 489, балықтың 104 және
омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.
Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше
зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және
орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы),
шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс
жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен
Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария
жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр,
Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау,
Қалба, Сарыарқа) жатады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ, ОЛАРДЫҢ АДАМ
ӨМІРІНЕ, ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КЕЛТІРЕТІН ЗИЯНЫНА ҚАРСЫ
КҮРЕСУ - МЕМЛЕКЕТТІК ШАРА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖАНУАРЛАРДЫҢ
СИРЕК ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУГЕ ТАЯУ АЗ ТҮРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ
КІТАБЫНА» ЕНГІЗІЛІП, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА ОМЫРТҚАЛЫЛАРДЫҢ 125
ТҮРІ, ОМЫРТҚАСЫЗДАРДЫҢ 96 ТҮРІ АЛЫНҒАН.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |