Черная Серая Желтая Стильная и Профессиональная Базовая Простая Презентация



Pdf көрінісі
Дата05.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#54838
Байланысты:
pdf 20221128 133532 0000



Экономикалық
циклдік және
экономикалық
тұрақсыздық
Sekenov Sabit 


Циклдік толқулардың мәні
мен себептері, фазалары
мен түрлері
Экономиканың циклдік дамуы – бұл нарықтық экономика
жағдайында іскерлік белсенділіктің үнемі үздіксіз ауытқып
отыруы. Өндірістің өсуі ылғи да оның құлдырауымен жүріп
отырады. Циклділікті басқаша кезеңділік деп атайды.
Экономикалық белсенділіктің кезеңділігі нарықтық экономиканың
қозғалуы мен даму формасын көрсетеді.


Экономикалық цикл төрт фазадан тұрады: дағдарыс, тоқырау, жандану және өрлеу. 1.
Дағдарыс. Бұл фазада экономикалық дамудың көрсеткіштері күрт нашарлайды: өндіріс көлемі
қысқарады, табыстар төмендейді, жұмысбастылық қысқарады, инвестициялық белсенділік
төмендейді, бағалар құлайды, өндіргіш күштер біртіндеп істен шыға бастайды, негізгі капитал
құнсызданады, жұмыссыздық өседі, кәсіпорындар жаппай жабыла бастайды, өндірістік қуаттар
төмендейді. 2. Тоқырау. Бұл фаза
экономикалық дағдарыстың ең төменгі нүктесі болып табылады, яғни жаппай жұмыссыздық
орын алады, жалақы мен пайыз мөлшерлемесі ең төменгі деңгейге жетеді,
тауарлыматериалдық қорлар қысқарады, өндіріс тоқтайды, бағалардың төмендеуі де тоқтайды.
3. Жандану. Бұл фазада негізгі капитал жаппай жаңартылады, жұмыссыздық қысқарады,
жалақы, пайыз мөлшерлемесі және бағалар өсе бастайды, инвестициялық белсенділік пен
тұтыну заттарына деген сұраныс артады. 4.
Өрлеу. Бұл фаза экономикалық дамудың шарықтау шегі болып табылады. Экономикалық өсу
қарқыны жоғарылайды, өндіріс көлемі айтарлық-тай ұлғаяды, инвестициялар да артады,
бағалы қағаздар бағамы өседі, пайда, жалақы, баға, пайыз сияқты көрсеткіштер ең жоғары
деңгейге жетеді.


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДІҢ ӘРБІР ДАҒДАРЫСЫ ЖАНДАНУ МЕН ӨРЛЕУ
ФАЗАЛАРЫНДА ЖЕТІЛІП ОТЫРАДЫ. БҰЛАР ӨНДІРІСТІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ
КЕҢЕЙТУДІҢ ФАЗАЛАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰЛ КЕЗЕҢДЕРДЕ ХАЛЫҚТЫҢ
ТАБЫСТАРЫ ҰЛҒАЯДЫ, ЖИЫНТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ СҰРАНЫС ӨСЕДІ.
ТҰТЫНУШЫЛЫҚ СҰРАНЫСТЫҢ ӨСУІ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӨНДІРІС ҚУАТТАРЫН
АРТТЫРУҒА ЖӘНЕ КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫН КӨБЕЙТУГЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ.
СӘЙКЕСІНШЕ, ӨНДІРІС ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫНА ДА СҰРАНЫС АРТАДЫ.



Циклдік толқуларды жұмсартуға бағытталатын мемлекеттік реттеу
антициклдік сипатқа ие болады. Мемлекеттің экономикалық циклге әсер
етуінің аса маңызды әдістеріне ақша-несие және бюджет-салық
саясатының құралдары жатады. Дағдарыс жағдайында мемлекеттің
шаралары өндірісті ынталандыруға, ал өрлеу жағдайында оны тежеуге
бағытталады. Себебі, экономиканың «қызып кетуін» суыту мақсатында
мемлекет өрлеу фазасында несиенің қымбаттауына, жаңа салықтарды
енгізуге және ескі салықтарды көтеруге, жеделдетілген амортизацияны
тоқтатуға және жаңа инвестицияларға салықтық жеңілдіктерді алып
тастауға мүмкіндік жасайды. Ал дағдарыс жағдайларында керісінше,
мемлекеттік шаралар несиені арзандатуға, салықтарды қысқартуға,
амортизацияны жеделдетуге және жаңа инвестицияларға салықтық
жеңілдіктерді қолдануға бағытталады.


Назарларыңызға
рахмет 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет