Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет160/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Ғатафан жорығы 
Хижреттің үшінші жылы. Рәбиуләууал айы. Бәдір шайқасындағы 
жеңіске куә болған Мәдина атырабындағы Пайғамбармен бейбіт келісім 
жасамаған араб тайпалары мазасыздана бастады. Бәдірдегі керемет жеңіс, 
мұсылмандардың алып күші жайында ауыздан ауызға тарап жатты. Араб 
тайпалары өздерінше әрекет жасап, қамданған болады. Сондай әрекеттің бірі 
Ғатафан жорығы деп аталады. 
Бір күні Мухариб руынан Харисұлы Ғаурас ғатафан тайпасының салаба 
және мухариб руының жігіттерін жинап Мәдинаға баса-көктеп кіруді 
жоспарлайды. Ондағы мақсаты-мұсылмандарды үркіту және қолға түскендей 
болып жатса, мал-мүлік тонау. 
Бұл дайындық жөнінде хабар Аллаһ Расулына дер кезінде келіп жетті. 
Мәдинада орнына уәкіл етіп Осман ибн Аффанды тағайындап, қолбасшы 
пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) төрт жүз елу әскерімен мүшріктерге қарсы 
шығады. Мұсылман армиясының біразы салт аттылар... Алайда пайғамбар 


242
бастаған мұсылмандардың келе жатқанын естіген басқыншы мүшріктер 
бастары ауған жаққа қашып, төбе-төбені паналап, тығылады... Мұсылман 
әскері тек салаба руының Жабир деген жігітін ұстап алады. Тұтқын бар 
жайды бастан-аяқ баяндап береді. Исламды қабылдаған ол мұсылмандар 
сапына қосылады. 
Басқыншылардың 
төбелерге 
жасырынғаны 
мәлім 
болған 
соң 
Пайғамбарымыз сол жерде біраз күте тұрғанды жөн көрді. Сол сәтте 
Аллаһтың құдіретімен нөсер жауып, сүйікті Пайғамбарымыз шелектеген 
жаңбырдың астында қалып қояды. Ылғал киімдерін шешіп құрғату үшін 
ағашқа ілген Ол (с.а.у.) сол маңға тынықпақ ниетпен қисая кетеді. 
Басқыншы мүшріктер тығылған жерлерінен мұның бәрін көріп 
бақылап тұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сауытын шешіп, ағаш 
саясында жалғыз жатқанын аңдаған олар дереу басшылары Ғаурасқа хабар 
жолдайды: 
"Мұндай мүмкіндік бола бермейді. Мұхаммед (с.а.у.) оңаша тынығып 
жатыр. Сахабалары келіп қорғағанға дейін жанын жай таптырайық",- дейді 
олар. Ғаурас та осы сәтті күткен кісіше салып-ұрып Аллаһ Елшісі 
Мұхаммедтің (с.а.у.) қасына жетіп барады. Қылышын жалаңдатып: 
- Ал енді сені менің қолымнан кім құтқарады? 
- Аллаһ! - дейді көтеріңкі дауыспен Пайғамбарымыз саспастан. Сонан 
соң: "Уа, құдіреті күшті Жаратқан! Мені қарсымдағының шерінен сақта!" - 
деп дұға етеді. Солай деуі мүң-ақ екен, Ғаурас екі жауырынының қақ 
ортасынан тиген соққыдан сенделіп барып, мүрттай үшты. Қолындағы қаруы 
сонадай жерге ұшып кетті. 
Енді Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жердегі қылышты қолына алды да: 
- Ал сені енді кім күтқарады? - деді. 
- Ғаурас дірілдеп: 
- Ешкім де, - деді де: "Мен Аллаһтан басқа тәңірдің жоқтығына, 
Мұхаммед(с.а.у.) оның расулы екендігіне куәлік келтіремін", - деп кәлиманы 
қайырды. 
"Мұнан 
былай 
саған 
қарсы 
шықпаймын, 
әскерлерді 
ұйымдастырмаймын да",-деп сөзін бітірді. 
Аллаһ Расулы Ғаурасты кешірді. Ғаурас кетіп бара жатып: "Уаллаһи, 
сен менен әлдеқайда қайырлысың",- дейді. 
Қауымына қайта оралғанда оның түк бітірмей келгеніне аң-таң болған 
жолдастарына қарап: 
"Уаллаһи, мен адам атаулының ең қайырлысының, ең жақсысының 
қасынан келдім", - деп жауап қайырады. 
Бір айға созылған сапардан соң Аллаһ Елшісі Мәдинаға қайта оралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет