Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет165/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Ислам әскері 
Мұсылман әскерінің жалпы саны бір мыңға жуық еді. Яғни небары 
құрайыш қолының үштен біріндей-ақ. Жүзі ғана сауыт киінген. 
Армияның үш байрағының біреуін - Мусаб ибн Үмәйір, әустердікін - 
Усәййід ибн Худайыр, хазражтардікін - Хубаб ибн Мунзир ұстады. 
Мұсылман қолы сапарға дайын... 
Пайғамбарымыз атына мініп, садағын иығына асып, найзасын қолына 
алды... Мәдинада орнына Абдуллаһ ибн Үммү Мәктумды қалдырды. Сауыт 
киінген екі сахаба- Саад ибн Муаз бен Саад ибн Убада алдында, мужаһидтер 
оңында, солында ілгері жылжыды. 
Ислам әскері Сәнийа төбесіне жеткен. Пайғамбарымыз арт жақтан 
қалың нөпір әскердің келе жатқанын көрді. 
"Бұлар кім?"- деп сұрады Расулаллаһ. 
Мужаһид сахабалар: "Абдуллаһ ибн Үбәй бастаған яһудилер мен 
олардың одақтастарынан құралған алты жүз адамдық әскер қолы",-деп жауап 
берді. 
"Олар мұсылмандықты мойындады ма?" 
"Жоқ",- деген жауапты ести сала Мұхаммед(с.а.у.): 
"Жылдам барып, кері қайтарыңдар. Олардың көмегіне зәру емеспіз",-
деді. 
Пайғамбарымыздың әскер қолын тексеруі 
Ислам әскері Шәйхәйн төбесіне келгенде Аллаһ Елшісі әскерді 
бақылап, арнайы тексеріп шықты. Сол жерде он беске жуық жас балаларды 
саптан шығарып қалаға қайтарды. 
Жас жеткіншектердің кейбіреулері тайсалмай, мүшріктерге қарсы 
соғысқысы келетіндіктерін айтып, саптан шығармауың өтініп тұрып алады.
Солардың бірі Рафи' ибн Хадиж еді. 
Бойының қысқалығын білдірмес үшін кішкентай мужаһид аяғының 
ұшымен тұрып, ұзын көрінгісі келіп әлекке түсті. Расулаллаһ оны байқамай 
қалған жоқ, әрине. Бір сахабаның: "Уа, Расулаллаһ Рафи' оқты дәлдеп 
атады",-деген қолдауынан соң баланы саптан шығармайды. Рафи'дің әскер 
қатарында қалғанын көрген Сәмура ибн Жундуб та әкесіне жалбарынып: 
"Мен күрескенде Рафи'ді жеңем ғой ылғи да, мені де әскерге 
алсыншы",-дейді. 
Әкесі 
Мурәй 
ибн 
Синан 
баласының 
тілегін 
Пайғамбарымызға жеткізді. Расулаллаһ екі баланы күрестіріп Сәмураның 


248
расында да Рафи'ді жеңгеніне куә болған соң бала көңілін қимай, оны да 
қатарға тұрғызады. Небары он төрт - он бес жастағы бұғанасы қатпаған жас 
сахабалар жан-тәнімен мужаһидтер сапында соғысуға ұмтылған-ды. 
Пайғамбарымыз әскерлерін бастан-аяқ бақылап болғанда күн ұясына 
батуға таяған. Біраздан соң Біләл Хабаши намазшамның азанын оқыды. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) мужаһидтерге намаз қылдырды. Құптаннан соң 
әскерлер жатып тынығуға ыңғайланды. Мұхаммед ибн Мәслама бастаған елу 
әскерге күзетшілік міндеті жүктелді. 
Құлқын сәріден жиналған мұсылмандар қолы Ухудқа қарай бағыт 
алды... Екі жақ та бірін-бірі көре алатындай қашықтықта. 
Қарсы беттен дұшпан әскері анық көрінеді... Мужаһидтер майданында 
таң намазының азаны оқылып, көк гүрлегендей әсерде. Мұсылмандар сапқа 
тізіліп, қаруланған күйі ұлы имамға ұйып жаудың көз алдында намаздарын 
оқып шықты. 
Сонан соң пайғамбарымыз сақтық мақсатымен сауытының үстінен 
екінші бір сауыт, тақиясының үстінен темір дулыға киеді. 
Екі жақ қарама-қарсы орнықты. Әркім өзінше ұрыс тәртібін 
қадағалауда. 
Дәл сол сәтте жол бойы тартыншақтап келген Абдуллаһ ибн Үбәй 
ортаға шығып айқайға басты: 
"Мұхаммед (с.а.у.) жап-жас жігіттердің сөзіне еріп, менің айтқаныма 
құлақ аспады. 
Ей жұртшылық! Біз мына жерде не үшін жан беруіміз керек, түсіне 
алмадым",- деп, қауымынан және мунафиқтардан құралған үш жүздей 
әскерімен саптан шығып кері қайтты. 
Мунафиқтар кеткен соң Ислам әскерінде бас-аяғы 700 кісі қалды, яғни 
құрайыштың төрттен біріндей ғана... 
Абдуллаһ ибн Үбәй мунафиқтарды ғана емес мұсылмандарды да 
ертпек болды. Оның айтқанына құлақ асқан Сәлима және Хариса руының 
кейбір жігіттерінің ойы бұзылып, екіжүзділерге қосылмақ та болды. Бірақ 
Аллаһтың құдіретімен олар лезде күмәндерінен айығып, алған беттерінен 
қайтпауға бекінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет