Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет171/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Хазіреті Хамза - шейіт 
Мұсылмандар тауға, төбеге шығып, тарасқан түс. 
Батыр Хамза мүшріктермен жан-дәрмен алысып жүр. 
"Аллаһым! Мұсылмандардың мына жағдайы үшін саған сиынамын, 
сенен кешірім тілеймін" деп дұға етумен болған қаһарман сахабаның қасына 
жолауға бата алмаған мүшріктер ұзақтан атып құлатудың шарасын 
қарастырған. 
Меккеде Уахши есімді бір құл бар еді. Хабаштықтар секілді құрық 
салуда нысанаға алғанын қалт жібермейтін. 
Құрайыш қолы Меккеден шықпай тұрған тұста әлгі құлды қожайыны 
Жүбәйір ибн Му'тим шақырып алып: 
"Әскер сапына қосыл. Егер Мұхаммедтің көкесі Хамзаны өлтіріп, ағам 
Тайманың кегін қайтарсаң, еркіңе қоя берем, азатсың",-деген-ді. 
Бәдірде әкесі өлтірілген Әбу Суфианның әйелі Хинд те Уахшиге сый-
сияпат беретін болады. 
Сонымен не керек бүкіл соғыс бойынша Уахшидің көздегені Хазіреті 
Хамза еді... 
Хазіреті Хамза мүшріктерді қырып-жойып келеді. Уахши қолайлы 
сәтті аңдып қалтарыста жасырынып отырады. 


255
Жаумен арпалысып келе жатқан қаһарман Хамзаның бір сәт аяғы 
тайып кетіп шалқасынан құлайды. 
Мерген Уахши сол мезетті қалт жібермейді, оқ зулаған күйі Хамзаның 
бауырына дік ете қалады. Хамза тілге келместен жүріп кетеді... Уахши 
мұнысымен қоймай, Әбу Суфианның деліқұлы әйелінің көңілін табу үшін 
ержүрек шейіт Хамзаның кеудесін жарып жіберіп, өкпесін суырып алып 
Хиндке апарып береді... Хинд қуанғанынан қымбат әшекейлерін Уахшиге 
ұстатады да, айуандықпен Хамзаның өкпесін аузына салып тұрып қарш-қарш 
шайнайды. Өшпенділігі мұнымен де шектелмей, залым Хинд Хазіреті 
Хамзаның қасына барып, мүрнын, құлағын білезік, алқа, әшекей қып тағайын 
деген ниетпен кесіп алады. 
Мусаб ибн Үмәйір де шейіт 
Ислам әскері анда-мында таралып, бастары қосылмай қойды. 
Қиындыққа мойымаған, өлімді қасқая қарсы алуға әзір бірнеше сахаба 
Расулаллаһтың қасынан бір елі ажырамайды. Солардың бірі Ислам әскерінің 
байрақ ұстаушысы - Мусаб ибн Үмәйір еді. 
Ибни Қалша есімді кәпір Расулуллаһқа жақын келіп: 
"Маған Мұхаммедті көрсетіңдер! Ол аман қалса, менің өлгенім 
артық",-деп айқайлайды. 
Сахаба Мусаб, бірнеше мужаһид, олардың қатарында әйел сахаба 
Несібе ханым да бар, Ибни Қалшаға қарсы шықты. Кәпір Ибни Қалша 
Расулаллашы қорғамақ болған Несібе ханымның иығынан қылышпен салып 
өтті. Несібе де қарап қалмады, жауызды соққылай берді, алайда қаскөй екі 
қабат сауыт киінгендіктен оған шыбын шаққан құрлы әсер етпеді. 
Ибни Қалша қақ алдынан жолын кес-кестеген Хазіреті Мусабтың оң 
қолының басын шауып түсірді. Хазіреті Мусаб Исламның игілік символы - 
байрағын сол қолына алды. Залым дұшпан бұл жолы оның сол қолын шапты. 
Хазіреті Мусаб шолақ білегімен туды қапсыра құшақтаған күйі бауырына 
басты. Мақсаты - қандықол Қалшаны Расулаллаһқа қалайда жолатпау және 
Ислам байрағын жерге түсірмеу. Бұл жолы Ибни Қалша мужаһидтің 
кеудесіне найза сұқты. Хазіреті Мусаб бұл азапқа төтеп беруге тағаты 
жетпей, байрақты құшақтаған күйі құлап түсті. Сөйтіп ол да шейіттік 
мәртебесіне көтерілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет