34
Хазіреті Абдуллаһ үйленгелі аз ғана уақыт өткен. Сол себепті анау
айтқандай мал-мүлкі де жоқ. Кенеттен дүниеден озған оның соңында
қалдырғаны - Үммү Әймен есімді күңі, бес түйе, бірнеше қой, бір қылыш пен
азғана күміс ақша.
Ең маңызды мұрасы - Аллаһтың нәсібімен екі дүниенің нұры болған
қайырлы ұрпақ қалдырды. Иә, нұрымен бар ғаламға жарық шашатын,
адамзаттың құтқарушысы атанатын Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) артық
мирас болуы мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: