Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет263/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Соңғы тауап 
Зилхижжа айының он төрті, сәрсенбі. Таңғы намаздан соң Аллаһ 
Расулы асхабымен қасиетті Қағбаға барып соңғы рет тауап етті. Мұнан соң 
Меккемен қоштасып Мәдинаны бетке алды. Жолшыбай тоқтап бесін 
намазын оқыған соң Хазіреті Расулаллаһ жансерік жолдастарына: 
"Уа, бауырлар! Мен де басқалар сияқты адаммын. Жуырда ұлы 
Раббымның елшісі келіп мені мәңгілік өмірге шақыруы ықтимал. Мен, әрине, 
бұл шақыруды қабыл аламын. Жақында сіздермен қоштасарым анық. Егер 
сөзіме зейін қояр болсаңыз, сіздерге тура жолдан тайдырмайтын екі нәрсе 
тастап барамын. Біріншісі, Алланың қасиетті кәламы - Құран, оған ден 
қойсаңыз тура жолды тауып, нұрға кенелесіз. Ал, екіншісі, сүннетім", - деді. 
Аллаһ Расулының жақында бақиға сапар шегетінін аңғарған сахабалар 
қайғырып, көз жастарына ерік берді. Жандарынан артық көретін 
жетекшілері, екі дүниенің сәруары араларынан кететінін сезінген олар әлден-
ақ жетімдік күйін кешті. 
Арып-ашып жол жүріп Мәдина алыстан көрінгенде Пайғамбарымыз 
әдеттегідей: "Аллаһтан басқа иләһ жоқ. Аллаһ жалғыз, ортағы жоқ. Мал-


400
мүліктің иесі Сол. Мақтау-мадаққа лайық Аллаһ қана. Оның бар нәрсеге 
құдіреті жетеді. 
Раббымызға күнәларымыздан тәубе етіп, құлшылық қылып, мадақ 
айтып оралдық", - дейді. 
Мәдинаға кірген бетінде Хазіреті Расулаллаһ орталық мешітте екі рәкат 
намаз оқыған соң отбасына оралды. 
Бұл Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) алғашқы әрі соңғы қажылығы еді. 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ СЫРҚАТТАНУЫ ЖӘНЕ ДҮНИЕДЕН ӨТУІ 
Хижреттің он бірінші жылы, сафар айының жиырма алтысы. Күн 
дүйсенбі. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзін жайсыз сезініп, жанына батқан бас ауруын 
елемеуге тырысқан. Соған қарамастан Ол ішкі-сыртқы жағдайларды реттеуге 
бас-көз болған, әсіресе, румдардан төнер қауіптің алдын алу қажеттігін 
түйсінген. Сол мақсатпен асхабымен кездесіп византиялықтарға қарсы 
жорыққа шығуды жөн деп шешкен. Дүйсенбі күнгі кеңес шешімі бойынша 
сахабалар жан-жақты дайындыққа кіріседі. 
Ертесі күні Расулаллаһ Хазіреті Усама ибн Зәйдті шақырып: 
"Сені осы жорықта қолбасшылыққа тағайындаймын. Ойланып тұрарға 
уақыт тар, тез жинал, әкеңді шейіт қылғандарға қарсы шайқасқа шық. 
Аллаһ саған жеңісті нәсіп етсе, ол жерде алаңдамай, кері қайт!" 
Болмыс Сұлтанының (с.а.у.) фәниден көшер уақыты сәт санап 
жақындай түскен. Түн ортасында шырт ұйқыдан ояна салысымен сыртқа 
шыққалы жатқан Пайғамбарымыздан Айша анамыз: 
"Қайда барасыз, уа, Расулаллаһ?" - деп сұрады. 
Аллаһ Расулы: 
"Бақи зиратына жерленген бауырларым үшін Аллаһтан ғафу өтінуім 
қажеттігі білдірілді. Зиратқа барамын", - деді. 
Хазіреті Расулаллаһпен бірге Әбу Рафи' мен Әбу Муәйхиб те ілесе 
шықты. Пайғамбарымыз қабірлерді аралап, әрбіреуінің басында ұзынсонар 
дұға оқып, бата қайырды. Сонан соң Әбу Муәйхибке қарап: 
"Уа, Әбу Муәйхиб! Маған дүниелік қазына мен ақырет нығметтерінен 
біреуін таңдауға рұқсат берілді. Мен ақыретті қаладым...", - деді. 
Мұны естігенде Әбу Муәйхибтің көзі жасқа толып, көңілін қайғы 
торлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет