Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ ОСМАН МҰСЫЛМАНДАР ҚАТАРЫНДА



Pdf көрінісі
бет58/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

ХАЗІРЕТІ ОСМАН МҰСЫЛМАНДАР ҚАТАРЫНДА 
Болмыстың нұры, екі жаһанның гүлі - Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) әлі де 
пайғамбарлығын ашық жарияламаған... 
Бұл кезеңдегі уағыз айтушылардың ең батылы Хазіреті Әбу Бәкір еді, 
ол жүрген жерінде дос-дұшпан деп бөлмей Ислам ақиқаттарын түсіндіретін. 
Бір күні Османға да иман жайын баяндап, оны Хазіреті Мұхаммедке 
ертіп әкеледі. 
Расулаллаһ жылы жүзді, үнемі күлімсіреп жүретін жайдары жан - 
Османға төтесінен: 
«Аллаһтың сыйы - жәннатқа ұмтылғаныңды қалаймын. Мен саған және 
барлық адам баласына жетекші ретінде Аллаһ тарапынан жіберілдім», - деді. 


94
Пайғамбарлар сардарының қарапайым, жүрекжарды лебізі Османға 
әсер еткені сондай, ол мүбәрак тілінен иман кәлимасының қалай шыққанын 
өзі де аңдамай қалды... 
"Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдур-
расулуллаһ..." 
Сонан соң осыдан біраз уақыт бұрын Шам сапарынан қайтып келе 
жатып жолай көрген түсін әңгімеледі: 
"Біз сол күні жолда түнеген едік. Көзім ілінгені сол еді «Ей, алаңсыз 
ұйқыға батқандар! 
Ояныңдар! Меккеде Ахмет өз міндетіне кірісті» деген дауыс естідім. 
Ал Меккеге келгеннен кейін Сіздің пайғамбарлығыңыздан хабардар 
болдық». 
Ақ көңіл, өте сыпайы, дархандығымен әйгіленген Хазіреті Османның 
да мұсылмандар қатарына қосылуы мүшріктердің қаупін күшейтті. 
Ағайындары жиналып оны жазаламақ та болды. Бірақ Осман қасқайған күйі 
ешқандай жазадан қорықпайтындығын, таңдаған бағытынан таймайтынын 
білдірді. 
Көкесі Хакам ибн Әбул Ас Хазіреті Османды ағашқа байлап қойып: 
"Сен аталарыңның ғасырлар бойғы қасиеттеген сенімінен безіп, 
кейіннен пайда болған әлдебіреулердің дініне қалайша мойынсұнбақсың? 
Алған бетіңнен қайтқанша осы байланғаның - байланған, босатады екен деп 
иегің қышымасын", - деп сөкті. 
Хазіреті Осман болса: 
"Уаллаһи, билләһи, мен хақ діннен шықпаймын",- деп қасарыса 
түсетін. 
Осылайша арадан ондаған күндер өтеді. Хазіреті Османның шыдамы 
шыңдала түскендей, қайтар түрі жоқ, таяқ та жейді, сүйектен өтер сөзге де 
селт етпейді. Иманына зәредей зиян келмейді. Дініне беріктігінің арқасында 
көкесі де ештеңе шығара алмайтынын білген соң, лажсыздан оны босатып 
қоя береді. 
Орта бойлы, қара торының әдемісі, қаума сақалды, қалың қара шашты 
және денелі келген Хазіреті Осман жаратылысынан жан тазалығы мен тән 
тазалығы бойына дарыған жан еді. Жәһилия кезінде де ішкілікті өзіне харам 
санап, татып алмайтын. Бар байлығын Аллаһтың жолына сарп еткен. 
Құранды бастан аяқ жатқа білген. Түнде намазға тұрғанда Құранды түгелдей 
мүдірмей толық оқып шығатын. 
Көзі тірісінде-ақ жәннаттық екендігі жария болған Хазіреті Осман - бір 
жағынан, 
Мұхаммедтің 
(с.а.у.) 
күйеу 
баласы. 
Бірінші 
әйелі 
пайғамбарымыздың қызы Руққия, ол ерте қайтыс болады да, кейіннен 
Мұхаммед (с.а.у.) екінші қызы Үммү Гүлсіммен некесін өзі қиған. 
Пайғамбарлар Сұлтаны – Мұхаммедтің (с.а.у.) екі бірдей қызын алған 
бақытты күйеу осы себепті «Зиннурайн»
(Қос нұрдың иесі)
лақабымен құрметке 
бөленген. 


95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет