3.2.4 Байлауыш қадамын анықтау
Қадамдық байлауыш (
Snap
)
– курсорды орнатылған қадамға дискретті
жылжыту. Курсор қадамдық байлауыш режимінде тор түйіндерінде секіріп,
түйіндерге жабысқандай болып қозғалады. Қадамдық байлауыш әдетте тінтуір
арқылы нүктелерді дәл көрсету үшін қолданылады.
Байлауыш қадамы тор жиілігімен бірдей болуы шарт емес. Қадамдық
байлауышты қосу және оның параметрлерін күйге келтіру
Tools
Drafting
Settings
… менюінен алынатын,
Drafting Settings
сұхбаттық терезесінің,
Snap
and Grid
(сурет 2.2) бетінде орындалады. Қадамдық байлауышты жағдайлар
жолындағы
Snap
(Шаг-Қадам) пернесіне тінтуірмен шерту арқылы немесе
F9
функционалды пернесіне шерту арқылы қосып, өшіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: