Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Басты масштаб көмегімен сызықтың қайталану интервалын өзгерту



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата05.12.2022
өлшемі1,76 Mb.
#55071
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
AutoCAD--курс лекц

7.4 Басты масштаб көмегімен сызықтың қайталану интервалын өзгерту
Сызықтың басты масштабын өзгерту сызбадағы тұиас сызықтардан басқа 
сызықтардың барлығын өзгертеді. 
Ltscale
(Лмасштаб) командасы пернетақтадан сызық типінің басты 
масштабын өзгертуге мүмкіндік береді. 
Сызықтарды басқарудың басқа тәсілі мынада: осы объектіні ерекшелеп 
инструменттердің стандарт панелінің 
Properties
(Свойства-Қасиеттер) 
пернесіне шертіңізе. Қасиеттер палитрасында 
Linetype Scale
жолына шертіңіз, 
оң жағына сызықтың жаңа масштабтық коэффициентін енгізіңіз. 
Егерсли масштаб коэффициенті 1-ден үлкен болса, онда сызықты құраушы 
элементтер ұзарады, ал ұзындықтың бір бірлігіне қайталану саны азаяды. 
1-ден кіші масштабтағы сызық қысқартылған элементтерден тұрады, 
сәйкесінше ұзындықтың бір бірлігіне қайталану саны артады. 
Сызық масштабы өзгергенде бағдарлама сызбаны реттеп, барлық сызықтар 
типтерін өзгертеді. 
 7.5 Сызықтар түстері және типтерінің қызметтік мәндері 
 
7.5.1 Түсі 
 
Тұрақты түс – бұл примитив орналасқан қабат немесе блоктың түс 
жағдайына қарамастан примитивке бекітілген түс.
AutoCAD-та тұрақты түстер 1-ден 256-ға дейінгі бүтін сандармен 
кодталады. AutoCAD 1 кодты экранның графикалық аймағы фонының түсі 
үшін резервте сақтайды, ол түс коды 0. Бұл кодты енгізуге тыйым салынған.
Айнымалы, немесе логикалық түс – бұл қабат немесе блок түс жағдайына 
тәуелді, осыдан оның атауы – 
ByLayer 
(ПоСлою-Қабат бойынша) және
ByBlock 
(ПоБлоку-Блок бойынша).
ByLayer
түсі объект түсі өзі тиісті болатын қабат түсіне байланысты 
дегенді білдіреді.
Логикалық түс 
ByBlock
, блок құруға арналған объект жасалмай тұрып 
орнатылатын түс, ол блокты сызбаға әрбір қойғанда автоматты түрде блок 
объектілерінің түсін ағымдағы түс мәніне сәйкес өзгертуге мүмкіндік береді.
7.5.2 Сызық типі 
Сызық типі AutoCAD – тағы примитив қасиеті ретінде, түс секілді және 
немесе осы примитивтің қабатқа немесе блокқа тиістілігіне қарамай объектіге 
тұрақты етіп немесе логикалық болып бекітіледі.
Егер ағымды сызық типі етіп 
ByLayer
логикалық типі орнатылса, онда 
объект сызығының типі өзі қай қабатқа тиісті болса, сол қабаттың сызық типіне 
тәуелді болады. 


ByBlock
логикалық типі де осы секілді, тек бір ғана айырмашылық бұл 
сызық типінің тәуелділігі қояр алдындағы блок қасиетімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет