Инновациялық үдеріс – кең ұғым. Ол түрлі бағыттарда және
өндірісте түрлі деңгейде қарастыруға болады.
Біріншіден, оны ғылым,зерттеу, ғылыми-техникалық және өндірістік
қызметті біріңғай жүйеде жүзеге асыру ретінде қарастыруға болады.
Екіншіден, инновациялық үдерісті жаңа енгізілулердің өмірлік циклі
идеясының пайда болуынан бастап оның әзірлеп, енгізілуіне дейінгі уақыт
кезеңдері ретінде қарастыруға болады. Жалпы алғанда, инновациялық үдеріс
– бұл оқиғалардың жүйелі тізбегі, оның барысында жаңалық идеядан нақты
өнім, технология немесе қызметке дейін «пісіп жетіледі» және өндірістік-
шаруашылық тәжірибеде таратылады. Инновациялық үдеріс енгізілумен,
яғни жаңа өнімнің, қызметтің нарыққа бірінші шығуымен немесе жаңа
технологияның жобалық қуаттылығына жеткізілуімен аяқталмайды. Бұл
процесс енгізілгеннен кейін де үзілмейді, өйткені экономикада жаңа енгізілу
тарау мүмкіндігіне қарай жетілдіріледі, неғұрлым нәтижесі жоғарырақ бола
түседі, бойына өзінің қолданылуына жаңа салалалар, жаңа нарықтар,
солармен қатар жаңа тұтынушылар ашатын жаңа тұтынушылық қасиеттерді
жинайды.
Инновациялық үдерістерді зерттеудегі маңызды бағыт – олардың жүзеге
асуына мүмкіншілік немесе кедергі туғызатын нақты факторларды (нақты
тұтынушыға, нақты өндірушіге қатысты) нақты анықтау.
Инновациялық үдерісті талдау нақты инновациялық қызметке мүмкіндік
туғызатын немесе кедергі болатын барлық факторларды есепке алудың қиын
екені туралы қорытынды жасауға негіз береді. Мысалы, мінез-құлық
бағытындағы факторларды негізінен инновациялық
үдеріске
қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық мінездемелері тұрғысынан
талдайды, менеджментті жақтаушылар – жүйенің ұйымдастырушылық
басқару мінездемелері тұрғысынан және т.б.
Инновациялардің келтірілген жіктелуі жаңа енгізулер үдерістері
әртүрлі және өздерінің сипаттарына байланысты жіктеледі деген
қорытынды жасауға мүмкіндік береді, сәйкесті түрде оларды ұйымдастыру
нысандары, көлемдігі, инновациялық қызметке әсер ету тәсілдері де алуан
түрлілігімен ерекшеленеді Инновациялар дамуына түрткі болған негіз,
бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып саналады. Өнім өндірушілер
мен тұтынушылар тозған техника мен технологияны пайдалану үдерісінде
әр түрлі деңгейде шығын көреді, нәтижесінде инновациялар негізінде өндіріс
шығындарын қысқартуға тура келеді. Тиімді инновацияларды алғашқы
болып меңгерген кәсіпкерлік компаниялардың өндіріс шығындарын және
сәйкесті түрде өткізілетін тауарлардың (өнімнің, қызметтің) құнын төмендету
мүмкіндіктері бар, олар ұқсас тауарларды (өнімді, қызметті) ұсынатын
фирмалармен бәсекелестік күресте өз бағыттарын бекітіп алады. Сонымен,
инновациялық қызмет кәсіпорындардың бәсекелестік күресте аман қалуына
мүмкіндік туғызады.
Кесте 1. Инновациялық үдеріске әсер ететін факторлар
Достарыңызбен бөлісу: