БөЖ тапсырмалары (1-ші аралық білімгердің өзіндік жұмысы) Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз


Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігін ашып талдаңыз



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.12.2022
өлшемі180,79 Kb.
#55724
1   2   3
Байланысты:
саясаттану Садыкова Минюра

2. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігін ашып талдаңыз. 


Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол 
мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: 
қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, 
сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын 
көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе 
(АҚШ, Англия) орныққан.
Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ даласы 
тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян халықтарында 
X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей билік етпегенмен, 
әулеттің көптеген өкілдерінің ішінен кім хан, кім князь болуын ұйғарып отырды. 
Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар мен әртүрлі қоғамдық топтарға 
ұқсайды. 
Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. 
Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. 
Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік 
қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік негізінен қоғамның,халықтың 
қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс.Мемлекеттік биліктің 
заңды болуы оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады. 
Ал мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. 
Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, 
яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке 
қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік 
болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен саяси 
партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар әрбір партияның өз 
мүшелері ғана.
Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның 
легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын 
айтады. 
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет