МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚҚА БАРАТЫН 5-6(7) ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ Мектепалды даярлық сыныбында (тобында) білім беру үдерісінің мазмұны
1 оқу жылына есептеліп, мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі даму
бағытын іске асырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
13 мамырда № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт)
сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
айқындалған.
Балалардың мектепке оқуға дайындығының негізгі бағыттары:
1)тілдік-сөйлеуді қолдана білу, тілдік-сөйлеу құралдарын ойын қызметінде
сыртқы бақылаусыз қолдана білу;
2)әлеуметтік
қарым-қатынас дағдыларын дамыту, біліктері мен
дағдыларын қалыптастыру үшін қажетті қарым-қатынас жүйесінде «ересек-
бала», «бала-бала» қолдану;
3)мектептегі оқу процесіне қалыптастыру және дамыту, іс-әрекетте
мотивация, бақылау, жоспарлау және дербестік секілді компоненттерді
жандандыру.
Мектепалды даярлық 5-6(7) жастағы балалардың дайындық деңгейінің
мазмұны:
Тұлғалық дайындық 5 жас - ересектермен және құрадастарымен еркін қарым-қатынас жасай алады;
- өзінің әрекеттерін бағалауға тырысады;
- ересектің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды.
6 жас Баланың психологиялық қабілеттері - қоғамда «Мен... істей аламын» деген мәртебеге ие болуға ұмтылады;
- өз әрекеттерін бағалауға тырысады;
- 10 дейін тура және кері санайды;
- ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды;
- +,-,= таңбаларын түсініп үйренеді;
- істі соңына жеткізуге тырысады.
7 жас Баланың психологиялық қабілеттері - қоғамда «Мен... істей аламын» деген мәртебеге ие болуға ұмтылады;
- өз әрекеттерін бағалауға тырысады;
- 10 дейін тура және кері санайды;
- ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды;
- +,-,= таңбаларын түсініп үйренеді;
- істі соңына жеткізуге тырысады.