Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет11/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ды ерекшеліктері, дүниетанымдық дәстүрлері, тілі – осылардың 
барлығы қазақ халқының рухани мұрасын, үндіирандық мәдениет-
тің терең астарларын қамтитын, Шығыс және Батыс халықтарымен, 
көршілес өркениеттермен тығыз өзара іс-әрекетте дамитын, түркі-
тілдес мәдениеттің ежелгі далалық тармағы ретінде қарастыруға 
мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Ұзақ ғасырлар бойына қазақтар 
әртүрлі мәдени ықпалдарды, өздерінің байырғы далалық түркілік 
дәстүрлеріне бейімдей және өзгерте отырып, сіңіре білді. Бұл 
дәстүрлердің тамырын терең жайып, берік орнағандығы сонша, 
саяси алапаттар мен соғыстар да, араб және монғолдардың ықпалы 
да, исламдану да оларды түбегейлі өзгерте алмады.
Қазіргі таңда түркілік философиялық пайымдау типі (ал біз 
қазақы философиялық ойды түркі философиясының бір тармағы 
ретінде қарастырып отырмыз) – ол әлемдік философиялық ойдың 
жарқын үлгісі. Түркі философиясы (яғни, қазақ философиясы) 
шығыс философиясының ажырамас бөлігі ретінде, әлемдік рухани 
мәдениет тарихындағы жалпылық және жекелік диалектикасының 
көрінісі болып табылады. Түркі философиясының мәртебесі мен 
міндеттерін, сол сияқты түркілік философиялық пайымдау типінің 
тәсілдері мен тұрпаттарын айқындау қажеттігі туралы идеяны алғаш 
ұсынған ҚР ҰҒА академигі А.Н. Нысанбаев екендігін атап өткен 
жөн. А.Н. Нысанбаевтың басшылығымен және оған өзінің тікелей 
қатысуымен «Тюркская философия: десять вопросов и ответов» [1] 
атты еңбек жарық көрді.
Қазақтардың философиялық ойы тек айтылу тұрпаты жағынан 
ғана емес, сонымен қатар мазмұндық жағынан да өзгеше болды. Қай 
кезеңдерде болмасын, қазақ ойшылдарының баяндау түрі, тиянақты 
өлеңжолды мәтінмен сипатталады, бірақ олардың шығарған өлең 
жолдары классикалық үлгідегі поэзиямен үйлеспеді, өйткені онда 
бейнеден гөрі, ой басым болды. Олар көбінесе, бұл ойды еш бейнелі 
көрініссіз, тура, бір ұғым ауқымына сыйғызу арқылы жеткізуге 
ұмтылды. Қазақ ойшылдары өздерінің шығармаларында уақыт және 
кеңістік, өткіншілік пен мәңгілік, мейірімділік пен зұлымдық және 
т. б. тәрізді көптеген ұғымдарды жиі қолданғандығы белгілі. 
Қазақтардың поэзиясы – халықтың рухани тыныс-тірлігі туралы 
байыпты ойларға толы, айырықша философиялық пайымдау типі. 
Қазақы поэзиялық философиялық пайымдау – бұл зерде мен 
жүректің, сопылық мистицизм мен рационалды білімнің, филосо-
фиялық публицистика мен лириканың қорытпасы, мұндай тұтас ішкі 
білім, екі – поэзиялық және философиялық ақиқаттың тоғысындағы 
логикалық мәндердің «жете сезілуінде» пайда болады, олар тұлғаның 


 
13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет