Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тұлғалықта тұрған ақындар бабалық бағытты ұстады. Олар бірлік
идеясы мен көркемдік тұтастықты тең ұстай алды. Халық мұратына
қауымдасқандар, соған қызмет еткендер халық өмірінен күш алды,
поэзиядағы таптаурынға көнбеді. Жыраулар халық атынан сөйледі,
зорлық-зомбылыққа көнбеді. Зорлықтың қас жауы. Содан адамдық
келбет пен адамдық құмарлық әрдайым тілге тиек болды, шындық
кеңінен, түрлі қырынан бағаланды. Өткеннің өрісін көрсетер
көркемдік жарыста жыраулар ниеті мен діттегенін өңдеді.
Жыраулар – заманының озық ойшылдары, белсенді ұрпақ
өкілдері. Өз ойын өмірден іздеді, өмір үлгісімен үмітін ұштады.
Өмірге құштарлылар құлақты кейіпкерінің жан дүниесін жеткізуге,
оның кеңдігін немесе кемшілігін көрсетуге айрықша мән берді.
Ортасының кемшілігіне көне бермеді, жамандығына ермеді.
Жақсының жақсылығын айтып, ырысын тасытты, жаманның қылығын
сынап, құтын қашырды. Тура жолдың құдіретін ашып беруге күш
салды. Ақиқаттан күш алды. Жыраулықтың қуаты қауымдастық
дәстүрмен ұласып жатса да, одан біршама озық. Жыраулар қазақтың
дәстүрлі әдебін жақтады және марапаттады.
Ақын-жыраулар поэзиясының мазмұнын түсіндіру мен ұғыну –
қазақ халқының ойлау және өзін-өзі тану өрісіне анағұрлым толық
сәйкес келеді. Ақын-жыраулар шығармашылықтары тұлғалық
бастаулардан, тақырыптық арқаудан, қазақ тілінің байлығынан
және көркемдік өнердің ішкі қуатынан құралатындығын арнайы
атап өткен ләзім. Ақын-жыраулар бас қосып қалғанда көмескіліктің
астарын пайымдады, жақсылық үшін, халқы үшін өнерлерін асырды,
мәмілемен іс бітірді.
Қазақ жырауларының дүниетанымында субъектінің өздігінен
дамуы эзотериялық кеңістікпен байланыс арқылы ашылған.
Субъектілік дамуда тек объектілік қана емес, әлдеқандай тылсымдық
та бар, ол - субъектінің өзіне ұқсастар әлеміндегі еркі. Бұл орайда
этикалық қарым-қатынастар адамның субьективтік әлемімен тікелей
байланысатынына орай, бұндай субъективтік, және сонымен бір
мезгілде объективтік этиканың негізгі объектісі моральдық сана,
субъектінің өз мінез-құлқы мен іс-әрекеттері үлгісін саналы түрде
таңдауы болып табылады.
Жартылай көшпелі өркениетте әлемге қарым-қатынастар
жүйесінде белгілі бір рухани тәртіп болды, қазіргі замандағы
зерттеулерде оларды сыртқы мінез-құлықтың тар шеңберлері және
дұрыс қарапайым ойлау дағдылары және ұйғарымдар арқылы
түсіндіру мен шектеу логикаға тіпті жат болар еді. Тіпті керісінше,
жеке тұлғалардың немесе әлеуметтік топтардың мінез-құлықтары