Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ұқсамайтын даралығын таныта отырып жырлайды. Барлық ойшыл-
дарға тән өлім мәселесі «Бабырнамада» да кездеседі:
Жүз жыл, мейлі бір күн өмір сүре біл, Тоқтар бір күн шаттық сүйген жүрегің. Өзінің өзекті жанға тән алуан түрлі күйзеліс-қуаныш үстіндегі
нәзік көңіл-күйін қаныпезер қатал заманның озбырлығына төтеп
берер орасан зор рухани күші арқылы көрсетеді.
Түркі поэзиясына Бабырдың тағы бір қосқан үлесі – төрттаған
жанры (төрт тармақты рубаи). Көлемі шағын мұндай лирикалық
өлеңдер философиялық, танымдық, тәрбиелік, сүйіспеншілік
мәселелері жөнінде сөз қозғайды. Бір сөзбен айтқанда, төрттаған –
көлемі шағын болғанымен, мүмкіндігінше мол мәліметті жинақтап,
тұжырымдайды. Мазмұн, пішін жағынан болсын рубаи жанрын
түркілік ортаға орнықтырып, мінсіз төрттағандар қалдырған
Науаидан кейін Бабыр еді. Оның төрттағандарында нәзік сыршыл
сезімге толған мағыналық ұйқас, сыртқы көркемдік бітіммен үйлесе
келе ақын талантын айғақтай түседі. Бабыр рубаиларындағы тұрақты
тақырыптардың бірі «отан» тақырыбы. Бабыр:
Бөтен елде ұмыт болдың сен адам, Жүрегімен аяйды өзін тек адам. Бір сағат та қызық көрмей сандалдың, Отаным деп қайғы жұтар мәңгі адам [4, 225 б.].
деп, жат жұртта, туып-өскен елі мен жерін аңсап, сағынышқа толы
көңіл күйін білдіретін рубаиларында бөтен елде өз отанын аңсаған
жанның мұң-зарын білдіреді. Оның отанына, сүйіктісіне арнап
жазған рубаиларының көпшілігін «жел» ұғымы арқылы беріледі.
Жел үғымын қолданған рубаилар көбіне автордың желге қарата
айтқан монологы түрінде келеді:
О, самал жел, жетсең егер кипаристің бағына, Жалғыздықтан жапа шеккен жеткіз жүрек дерегін. Аямады ол, еске алмады Бабыр жайлы тағы да, Тәңір түбі тас жүрегін жібітер деп сенемін [4, 275 б.].
Бабыр бұл рубаида өз жүрегіне жақын көретін аяулы асыл
адамына деген өкпе-назын, онсыз жүрегінің жалғызсырайтынын
жел арқылы білдіруге тырысады. Бабыр өлеңдерінде көтерілген