таңбалаған
а,
е,
і әріптері. Жазуда дауыссыздармен қатар, дауысты
дыбыстардың таңбалануы фонемалардың тізбегін көрсетуге мүмкіндік
берген маңызды жетістік болды.
Грек жазуы бірнеше нұсқада болған. Олардың ішіндегі ең бастысы –
шығыс-грек және батыс-грек нұсқалары. Олар кейпі мен жеке әріптерінің
қолданылуымен өзгешеленген. Шығыс-грек жазуынан классикалық, содан
соң византийлік жазу дамыған, ал оның негізінде славян жазу жүйесі
құралған. Батыс-грек жазуы базасында, Еуропа мен Азияның көптеген
тілдеріне негіз болған, латын жазуы пайда болған. Грек жазуы армян және
грузин алфавиттерінің жасаушыларына әсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: