жүйесі" деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-
жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен
және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір
жүйе бар екендігінің белгісі.
Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса, екінші
белгісі бойынша олар біртектес больш келеді. Мысалы:
ы мен
і дыбыстары
тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарсы дыбыстар (
ы - жуан,
і - жіңішке), ал
еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік). Бұл
сияқты жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы,
П мен
Б дауыс
қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-үяң), ал жасалу орны
жағынан - біртектес дыбыстар (екеуі де ерін дауыссыздары).
Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші бір элементтің болуын аңғартады.
Мысалы, септелудің жүйесі кемінде екі септеудің, жіктелудің жүйесі
кемінде екі жақтың (1-жақ, 2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден
болса, онда олар жүйе құрай алмаған болар еді.
Әрбір сөз өзінше өзгеріп, өзінше түрленбейді. Олардың өзгеруі мен
түрленуінің белгілі бір жүйесі, белгілі бір заңдары, формалары болады. Ондай
жүйелер мен заңдар және формалар бір сөзді ғана емес, белгілі бір топқа енетін
сөздердің күллісін қамтиды. Мысалы, зат есімдердің септелуін алалық. Тек зат
есімдер ғана септеледі және белгілі бір үлгі бойынша ғана септеледі. Бұлар зат
есімнің барлығана тән. Осылай болғандықтан ғана біз септелу жүйесі туралы сөз
ете аламыз. Егер зат есімдердің әрқайсысы өзінше септелсе, онда сөздердің
септелуін біліп алу да, оқып үйрену де мүмкін болмас еді.
Құрылымдық, жүйелілік қасиет тілдің синтаксис саласынан да айқын
көрінеді. Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер (формалар) арқылы
іске асады. Тіл-тілде сөздердің тіркесуінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу деп
аталатын тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес, тіркесуші
сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды. Сөйтіп, сөздердің байланысу
тәсілдерінің жүйесін кұрайды.
Тілдің әр түрлі қабаттары (деңгейлері) және олардың элементтері өзара
бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалға, терезе деген сөзді алалық. Ол
т,
Достарыңызбен бөлісу: