«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Тексеру барысындағы кәсіпкердің құқықтары



Pdf көрінісі
бет166/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   196
Байланысты:
edu kk

Тексеру барысындағы кәсіпкердің құқықтары
Компанияны тексеру барысында кәсіпкер мынадай құқықтарға ие:
• егер олар жүргізілетін тексерудің тақырыбына жатқызылмайтын немесе ак-
тіде көрсетілген кезеңге жатқызылмайтын болса, ондай мәліметтерді ұсын-
бауға;
• лауазымды тұлғаның қызметіне кедергілер келтірместен, аудио және бейне-
техника құралдарының көмегімен тексеру процесін бекітуге;
• жоғары тұрған мемлекеттік органға, не сотқа тексеру тағайындау туралы, тек-
серу нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ лауазымды тұлғаның іс-қимылда-
рына шағым түсіруге;
• тексерушілердің сіздің қызметіңізді шектейтін заң жүзінде негізделмеген 
тыйым салуларын орындамауға (мысалы, қызметті тоқтату туралы негізсіз 
қойылған талабын);
• тексеру жүргізу кезінде қатысуға, сондай-ақ өз мүдделері мен құқықтарын 
ұсыну мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды жұмылдыруға.
Қандай тексеру заңсыз болып танылуы мүмкін?
Егер тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын өрескел бұзумен жүргізілген 
болса, онда мұндай тексеру заңсыз деп танылады, олардың ішінде:


210
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
• тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
• тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;
• тексеру жүргізу туралы хабарландыру мерзімдерінің сақталмауы;
• айрықша тәртіп бойынша тексерулерді және іріктеп тексерулерді жүргізудің 
кезеңділігінің бұзылуы;
• тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні көрсетпеу;
• өз құзыреттеріне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;
• тексеру тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есеп ор-
гандарында тіркеместен тексеру жүргізу;
• тексерулерді жүргізу мерзімдерін бұзу.
Кез келген кәсіпкер тексерулер туралы нені білуі керек?
1. Тексеруді бастау алдында тексеруші мынадай құжаттарды көрсетуге міндетті:
6. өз облысыңыздың (қалаңыздың) Құқықтық статистика және арнайы есеп ко-
митетінде тіркелгендігі туралы мөртабан басылған тексеру тағайындау туралы акт;
7. қызметтік куәлігін;
8. тексеруге жатқызылатын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру па-
рағын.
2. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалардың тек-
серу жүргізуге құқықтары жоқ.
3. Тексерудің басталған күні ретінде тексеру тағайындау туралы актіні ұсынған 
күн есептеледі.
4. Тексеру 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс (мерзімі СК 629-бабымен реттелетін 
салық тексеруін қоспағанда). Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу 
қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемінің көптігімен байланысты, тексеру 
жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органының басшысымен (не оны алмасты-
рушы тұлғамен) тек бір рет қана отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы 
мүмкін, салық тексеруін жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда.
5. Сіз өзіңізді тексерудің заңдылығын Qamqor мобильдік қосымшасында неме-
се төменде көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасының Бас про-
куратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің Ақпарат-
тық сервисінің «Сіздің бизнесіңізді тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы 
тексере аласыз. 
http://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Su
Тексеру аяқталғаннан кейін тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы 
акт толтырады, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер мен қарсылықта-
рыңыз бар болса, сіз оларды жазбаша түрде баяндай аласыз, олар актіге қоса тір-
келеді.
Qamqor – бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау! Бас прокуратураның Құқықтық 
статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті әзірлеген «Qamqor» мобильдік 
қосымшасы сіздің бизнесіңізді заңсыз тексерулерден қауіпсіздендіреді.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі коми-
теті әзірлеген «Qamqor» мобильдік қосымшасы сіздің бизнесіңізді заңсыз тексеру-
лерден қауіпсіздендіреді:


211
• егер сізді тексеруге келіп тұрса, сіз қандай да бір мемлекеттік органның (СЭС, 
өрт қызметі, салық тексеруі және т.б.) тексеруінің заңдылығын тексере аласыз.
• сіздің компанияңыздың мекенжайына жоспарланған тексеру шығатыны тура-
лы сіз алдын ала хабардар етілетін боласыз. 
Android мобильді қосымшасы үшін қолжетімді. (https://play.google.com/store/
apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport&hl=ru), сондай-ақ iOS үшін 
(https://appsto.re/us/tOyoib.i)
«Qamqor» мобильдік қосымшасы қалай жұмыс істейді?
1) Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатасыз
2) Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізесіз (авторландыру міндетті 
емес)
3) Тексеру тақырыбы, мерзімдері және т.б. туралы толық ақпарат аласыз.
4) Заң бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдайсыз.
5) Мобильдік топ келіп түскен шағымды қарайды.
6) Егер тексеру заңсыз болатын болса, тексеру күшін жояды және тексерушілер 
жауапкершілікке тартылады.
Қосымша жоспарланған тексеру туралы алдын ала ескертеді, ол үшін төмендегі 
іс-қимылдарды орындау керек:
1) ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелу
2) Қосымшаның реттеулерінде PUSH-хабарландыруға жазылу
3) Сіздің ЖШС/ЖК-ге жаңа тексеру тіркелген кезде, сіз PUSH-хабарландыру 
аласыз.
Бұдан басқа, егер сіздің сұрақтарыңыз бар болса, сіз қосымшаның онлайн-ча-
тында Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің қызметкер-
леріне жаза аласыз, сондай-ақ тексерулер туралы барынша өзекті сұрақтарға жа-
уаптар таба аласыз.
10.5. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ. ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ
«...Сіз қаншалықты ақылды немесе іскер болғаныңызбен, 
сіздің бизнесіңіз сіз жалдайтын адамдардың қолында...»
Акио Морита, SONY компаниясын құрушы және иесі
Сіздің бизнесіңіз өсе бастаған сәттен бастап сізге қызметкерлер керек болады. 
Ал сіз олар үшін жұмыс беруші боласыз. Сіздердің араларыңызда еңбек қатынаста-
ры туындайды. Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен 
реттеледі.
Қызметкерлерді басқару – менеджмент теориясы мен практикасының маңызды 
аспектілерінің бірі. Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қызмет-
керлерді дамытумен, ұйымдағы адам капиталын қалыптастырумен айналысу аса 
маңызды, қызметкерлердің еңбек дағдыларын жетілдіру және олардың шығар-
машылық қабілеттерін ашу үшін барлық жағдайлар жасау қажет.
Басқару процесі өзара байланысқан төрт функциядан тұрады: жоспарлау, ұй-
ымдастыру, негіздеу және бақылау. 


212
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Жоспарлау функциясы ұйымның мақсаттары қандай болуы керектігі және 
осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйымның мүшелері не істеулері тиістігі туралы 
шешімді болжайды.
Ұйымдастыру – демек қандай да бір құрылымды құру. Ұйым өз жоспарларын 
орындай алуы және осылай өз мақсатына қол жеткізуі үшін құрылымдастырылуы 
қажет көптеген элементтер бар.
Негіздеу – бұл қандай да бір тұлғаны (жеке адамды немесе адамдар тобын) 
ұйымның мақсатына қол жеткізуге бағытталған ынталандыру процесі. 
Бақылау – бұл ұйымның шын мәнінде өз мақсаттарына қол жеткізуін қамтама-
сыз ету процесі.
Басқаруды ұйымдастыру мынадай мәселелердің шешілуін болжайды:
- кәсіпорын құрылымын құру;
- өкілеттіктерді бөлу.
Қызметкерлерді басқару кезеңдері:
1. Ресурстарды жоспарлау: болашақтағы адам ресурстарына мұқтаждықты қа-
нағаттандыру жоспарын әзірлеу.
2. Жұмыскерлерді қабылдау: барлық лауазымдар бойынша әлеуетті үміткерлер 
резервін құру.
3. Іріктеу: үміткерлерді жұмыс орындарына бағалау және қабылдау барысында 
құрылған резервтің ішінен үздіктерін іріктеу.
4. Еңбекақы мен жеңілдіктерді айқындау: жұмыскерлерді тарту, жалдау және 
сақтау мақсатында еңбекақы мен жеңілдіктер құрылымын әзірлеу.
5. Кәсіби бағдарлау және бейімдеу: жалданған жұмыскерлерді ұйымға және 
оның бөлімшелеріне енгізу, жұмыскерлерде ұйымның одан нені күтетіні және қан-
дай еңбегі лайықты бағасын алатыны ұғымын дамыту.
6. Оқыту: жұмысты тиімді орындау үшін талап етілетін еңбек дағдыларына 
оқыту үшін бағдарламалар әзірлеу.
7. Еңбек қызметін бағалау: еңбек қызметін бағалау әдістемелерін әзірлеу және 
оларды жұмыскерге жеткізу.
8. Лауазымын жоғарылату, төмендету, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан 
шығару: жұмыскерлерді жауапкершілігі көп немесе аз лауазымдарға ауысты-
ру, басқа лауазымдарға және жұмыс учаскелеріне ауыстыру жолымен олардың 
кәсіптік тәжірибелерін дамыту әдістерін, сондай-ақ жалдау шартын тоқтату рәсім-
дерін әзірлеу.
9. Басшы кадрларды дайындау, қызмет бойынша жоғарылатуды басқару: бас-
шы кадрлардың қабілеттерін дамытуға және еңбек тиімділіктерін арттыруға бағыт-
талған бағдарламалар әзірлеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет