216
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
11.2. ЭЦҚ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ
ПОРТАЛЫ, ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫ
(WWW.PKI.GOV.KZ ЖӘНЕ WWW.EGOV.KZ)
Электрондық үкімет egov.kz порталы – мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың бір-бірмен өзара қарым-қатынасының бірыңғай меха-
низмі, мұнда ақпараттық технологиялар көмегі арқылы олардың өзара келісуін
қамтамасыз етеді. Портал қызметті пайдаланушыларға үйде, жұмыс орнында, ин-
тернет қосылатын кез келген жерде онлайн-режимде автоматтандырылған мемле-
кеттік қызметтердің 400-ден астам түрін алуға мүмкіндік береді.
Порталда көп ізделетін қызмет электрондық анықтамалар болып табылады:
• мекенжай анықтамасы;
• соттылығының бар/жоқтығы туралы анықтама;
• жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген
құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;
• жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама;
• Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.
Достарыңызбен бөлісу: