217
Бірақ Портал қолданушысы болмай тұрып алдымен:
1. Порталда тіркеу процедурасынан өту;
2. Электрондық қолтаңбаны немесе ЭЦҚ-ны алу.
Егер сіз ЭЦҚ не үшін керек деп сұрасаңыз, жауап өте қарапайым, ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жасалатын операциялар заңдылығы үшін керек.
ЭЦҚ-ны екі әдіспен алуға болады (қалауыңызша):
1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәлік чипіне жазу. Бұл үшін сізге жеке куәлікті
ұсыну арқылы жақын орналасқан ХҚКО жүгіну керек. Одан әрі жеке куәлікке жа-
зылған ЭЦҚ-мен жұмыс, арнаулы карт-ридер болған жағдайда мүмкін. Бұл туралы
толығырақ сіз «электрондық үкімет» веб-порталынан білесіз.
2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау. Бұл жағдай-
да да сізге берілген өтінімді растау үшін ХҚКО-ға жүгіну керек. Онлайн-өтінімді
беру рәсімі төменде көрсетілген (1-қадам – нұсқаулықпен танысу және бағдарла-
малық қамтамасыз етуді орнату, 2-қадам – онлайн-өтінімді беру, 3-қадам – он-
лайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу) үш қадамнан тұрады.
ЕСІҢІЗДЕ болсын, сайтта ЭЦҚ-ны орнату жөніндегі нұсқаулықты таба аласыз.
Мысалы, сіз ЭЦҚ-ны алдыңыз және орнаттыңыз делік, енді «электрондық үкімет»
порталында қадамдық тіркелуді жүргізіп көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: