«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Интернет-дүкенді қалай ашады?



Pdf көрінісі
бет175/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   196
Байланысты:
edu kk

Интернет-дүкенді қалай ашады?
Бүгінде онлайн-дүкендер әлемде танымал болып келеді. Адамдар интернет-дү-
кендерден тамақ өнімдерінен бастап тұрмыстық техникаға дейін бәрін сатып 
алады. Интернетте сатып алу әлдеқайда ыңғайлы және оңай, оны үйден шықпай-
ақ жасауға болады. Интернет-дүкендер үлкен және шағын болуы мүмкін. Интер-
нет-дүкенді сатқысы немесе қажетті білімге ие болғысы келетін кез келген адам 
аша алады. 
Интернет-дүкен – өнімді интернет арқылы сататын сайт. Пайдаланушыларға 
интернетте, браузерде немесе мобильді қосымша арқылы сатып алуға тапсырыс 
беруге, төлем әдісін және тапсырысын жеткізуді таңдауға, тапсырыс үшін ақы 
төлеу ге мүмкіндік береді.
Интернет-дүкен құрып, тауарларды сату үшін ең алдымен:
1. Нақты не сатқыңыз келетінін анықтау;


225
2. Тапсырыстарды онлайн режимде қабылдау, клиенттерді пошта және басқа да 
веб-қызметтер арқылы қолдау үшін интернет желісі қажет.
3. Сіздің қойма-кеңсеңіз орналасатын үй-жай қажет. Онда тауарлар сақталып, 
мекенжайы нақты болады. Осы кеңседен клиент тапсырыс берген тауарын алып 
кетуіне болады. 
4. Қызметкерлер – сіздің жұмысыңызды қамтамасыз ететін барлық адамның, 
яғни әкімшінің, жүргізушінің, қоймашының, шеберлердің жұмысына ақы төлеу. 
5. Интернеттегі хостинг – интернеттегі арнайы компьютер, онда сіздің интер-
нет-дүкеніңіз жұмыс істейді.
6. Домендік атау – оңай есте қалатын ағылшын әріптерінің ыңғайлы, жарқын 
атауы. (Мысалы: domen.kz)
Интернет-дүкендерді әзірлеумен айналысатын компаниялар да бар.
Жалпы, электрондық қызметтердің әртүрлі түрлерін пайдалану кәсіпкерлердің 
ағымдағы қызметін жеңілдетуді ғана емес, сондай-ақ елімізде де, шетелде де биз-
несті жүргізу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді. Енді сіз «Бизнес-жобаны қорғау» 
12-модулінде көпшілік алдында сөйлеу және өз бизнес-жобаңызды тиімді қорғау 
тәжірибесімен танысып білуіңізге болады.


226
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
12-МОДУЛЬ. БИЗНЕС-ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ
12.1. Көпшілік алдында сөйлеу негіздері: шешендік өнер және құрылымдық 
таныстыру (өзін-өзі таныстыру) дағдылары
12.2. Келіссөздер жүргізу дағдылары
12.3. Бизнес-жобаланы қорғау бойынша тәжірибелік жұмыс
Адамның жақсы сөйлей білуден басқа ешқандай қабілеті 
оған жылдам мансап жасауға және өзін мойындатуға 
қол жеткізу мүмкіндігін бере алмайды.
(Чонси Депью)
12.1. КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ НЕГІЗДЕРІ: ШЕШЕНДІК ӨНЕР 
ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАНЫСТЫРУ (ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫСТЫРУ) 
ДАҒДЫЛАРЫ
Сіздердің назарларыңызға көпшілік алдында табысты сөз сөйлеудің бірнеше 
ережелерін ұсынамыз. Олар сіздің сөйлеген сөзіңізді қызықты және тартымды ету-
ге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет