Көшім жылқысы
Көшім жылқысы Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жылқы зауыттары
мен басқа шаруашылықтарында өсіріледі. Батыс Қазақстан облысындағы Көшім
өзенінің атына байланысты Көшім деп аталған. 1976 жылы сәуірде мақұлданды.
Жамбыл облысындағы «Құлан» жылқы зауыты аймағында шоғырланған,
жергілікті биелерді таза қанды орыс, Орлов жылқыларымен шағыстыру арқылы
алынған қолтұқым. Үйірімен жүреді. Айғырларының салмағы – 540 кг, биелерінікі
– 492 кг. Биелері тәулігіне 14-19 литрге дейін сүт береді.
Қазақы жылқы
Қазақы жылқының негізі жабы, мыңдаған жылдар бұрын қазақстан жерінде
пайда болған, болжам бойынша азиаттық жабайы жылқыдан шыққан, екі тұқымдық
түрі тіршілік етеді; жабы және адай жылқысы. Басқа тұқымдардың араласуымен,
моңғол, араб жылқысы, қарабайыр және ақалтеке, ал кейініректе ағылшын таза
қанды, Орлов және Дон жылқыларының қаны қосылды. Қазақы жылқы – қысқа өте
төзімді, 45 градус суықта далада жүре береді, жайылымы нашар жерге де төзімді,
етті бағытта жыл он екі ай жайылымда өсіргенге тиімді тұқым. 320-360 кг салмақ
тартады. Биелері күніне 8-9 литр сүт береді.
Қазақы жылқылар мініске жарамды, етті келеді (тірілей салмағынан 50%-дан
астам ет береді).
118
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Адай жылқысы
Адай жылқысы – Қазақстанның батыс облыстарында өсіріледі. Таза қанды
ағылшын, желісті Орлов жылқысы және Дон жылқысының қаны араласқан. Үй-
ірімен жүреді, ыстыққа төзімді. Биіктігі 140 см-ге дейін жетеді. Мініске шыдамды,
желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқы-
ларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түркімен жылқысы
– Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жа-
зы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омырауы
кең, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып
келеді. Шоқтығының биіктігі – 140,3 см, тұрқы – 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см,
жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52-58%. Тәулігіне орта
есеппен 8-11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40-50 км-ге шаршамай
еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.
Жабы жылқысы
Жабы — байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Үйірімен жүреді. Қазақстанның
оңтүстік батыс және оңтүстік шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы үлкен, мойны
қысқа, омырауы кең, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі
ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте, торы
және жирен түсті, сұр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді.
Жайылымда жүргеннің өзінде әр биеден тәулігіне 11-15 л сүт саууға болады.
Жайы лымда семірген жабыдан 230-250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығы-
на дейінгі биіктігі 144,8 см; тұрқы – 150,8 см, кеуде орамы – 179,1 см; жіліншік
орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг. Жабы Қазақстанның
көптеген шаруашылықтарында етті үшін өсіріледі.
119
Достарыңызбен бөлісу: |