Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы


 семинар. XІІІ-XVІІ ғғ. Қазақстан тарихын зерттеу



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
treatise18657 (1)

 
семинар. XІІІ-XVІІ ғғ. Қазақстан тарихын зерттеу.
Мақсаты: Шыңғыс хан және оның жаулап алу жорықтары, Алтын Орда 
тарихына қатысты деректерді талдау, олардың маңызын ашу. 
Негізгі мәселелер: 
1. Шыңғыс хан кезеңі туралы жазба деректер. 
2. Мұсылмандық тарихнамалық дәстүр Шыңғыс хан және Алтын Орда 
жайында. 
3. XІІІғ. Моңғол империясы және Алтын Орда тарихы бойынша Еуропа 
зерттеушілері Марко Поло, Плано Карпини, Гильмо де Рубрук 
шығармаларының және олардың маңызы. 
Әдістемелік тәсілдердің түрлері: ахуалды шешу әдісі, конспект дайындау, 
Әдістемелік нұсқаулар: Шыңғыс хан туралы алғашқы тарихнамалық 
деректерді өзара салыстыру оның шыққан тегін, әлеуметтік ортасын,
билігіне берілген бағаны айқындауға көмегін тигізеді. Шыңғыс ханға тарихи 
тұлға ретінде берілген бағалар негізінде тарихнамалық деректерге сүйене 
отырып кесте құрастырылады. Бұл бір жағынан дәстүрлі конспект 
дайындаудан гөрі студент үшін дәйекті әрі, екінші жағынан оқытудың жаңа 
әдістерін ұстану болып саналады. Осы орайда айта кетерлік бір жайт
оқытушы да, студент те тарихнама ғылымының өзіндік категорияларын терең 
меңгергені абзал. Өйткені тарихнамалық дерек, тарихнамалық факті 
ұғымдарын түсінбей жаңа технология бойынша жұмыс істеу былай тұрсын, 
тақырыпқа қатысты мәселелерді ашу қиынға соғады. 
Мұсылман деректеріндегі Шыңғыс хан және Алтын Орда, оның саяси 
жағдайы, қоғамдық құрылымы, әлеуметтік-шаруашылық жай-күйі 
мәселелері қысқаша конспект дайындау арқылы баяндауға болады. Аталмыш 
деректердегі тарихнамалық ерекшеліктерді айқындауда ең бастысы Шыңғыс 


хан және ол құрған мемлекет тарихына қатысты мәліметтердің шынайы 
түрде берілгендігін анықтау саналады. Сондықтан да деректерге
салыстырмалы шолу жасау қажет. 
Марко Поло, Плано Карпини, Гильмо де Рубрук шығармаларындағы 
Монғол империясы мен Алтын Орда туралы мәліметтермен «пресс-
конференция» ұйымдастыру арқылы танысып, тарихнамалық баға беруге 
болады. 
Қорытындыны аталған деректердің мәселені зерттеудегі қайталанбас 
ерекшеліктерін көрсетумен байланыстырған жөн. 
Әдебиеттер: Монғолдың құпия шежіресі. - Баян Өлгий., 1979.; Рашид -ад-
Дин. Сборник летописей. -М-Л., 1952. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы., 
1998. Бартольд В.В.Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. Т.1. - 
М.,1963.; Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ 
в. -М., 1993.; Э.Хара – Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие. -А-
Ата., 1992.; Қинаятұлы З. Монғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі 
тайпалары. -Астана., 2001.; Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй 
Золотой Орды. -М.,1973.; Греков Б.Д. Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее 
падение. -М-Л., 1950. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет