АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 ҽлбетте, алдымен арап, парсы ҽлемі діни ҽдебиетінде жатса, онан соң түрки
ортағасырлық не алтынордалық жазба ҽдебиетте: «Нахжу-л Фарадиспен»,
«Қисасу-л ҽнбияда жатса керек.
Бірақ Шҽді Жҽңгірұлының «Нахжу-л-Фарадиспен» таныс болуы да
немесе болмауы да мүмкін. Ҿйткені бұл туынды жоғарыда ғалым
А.Қыраубайқызы айтып ҿткен «Қисасу-л ҽнбиядай» емес ХХ ғасыр басында
баспа бетін кҿрмей, назардан тыс қалып келген. Тек ХХ ғасырдағы тіл білімі
мен ҽдебиет тарихы ілімі ғана құнды тілдік жҽне ҽдеби жҽдігер ретінде
зерттеу нысаны етіп келе жатыр. Ал «Қисасу-л ҽнбия» Шҽдінің оқыған,
«Назым Сияр Шҽрифті» жазарда қайта-қайта қараған туындысы. Сондықтан
да ақын Ибраһим Пайғамбарды жырлағанда, оның аңыз сипатты
оқиғаларының Шҽдіше айтқанда, қиссасының «Қисаста» кҿп екенін айтады.
«Қисас»
деп
отырғаны
Рабғузидің
«Қисасу-л
ҽнбия»
шығармасы
екені
даусыз.
Жалпы, «Қазақ кітабының шежіресінде» «Қисасу-л-ҽнбияның» ХХ ғасыр
басында баспа бетін кҿрген 1) «Қисасу-л-ҽнбия». Ашық қазақ тілінде.
«Қисасу-л-ҽнбия». Мҿрҽттибі Ахмеджан Жалмұхамедов. Нҽшірі кітапшы
Исмағил Шамсуддинов. Харитонов мҽтбағасы 1325 хижра. 1907 ж. Қазан
қаласы, 2) «Қисасу-л-ҽнбия – Рабғузи». Ред.: Н.И.Ильминский, Жазушы:
Насреддин бин Бурһанаддин, университет табиғханасы, Қазан, 1891 секілді
үлгілері берілген. Бұлар - таза қазақ тілінде деп берілген үлгілер. Сондықтан
бұлардан тыс шағатай, түрки үлгілері де болуы мүмкін. «Қисасу-л-ҽнбия»
материалдары негізінде немесе сабақтасты ықпалымен туындаған мына
секілді шығармаларды айтуға болады: «Хазірет Мариям кітабы», «Қисса
ҽнхазірет Расулның миғражға қонақ болғаны», «Харунның жер жұтқан
уақиғасы», «Қисса Адам», «Қисса Уһуд», «Қисса хазіреті Юсуф
ҽлейһиссалам илҽн Зулейханың мҽселесі», «Қисса Мұса ҽлейһиссалам білҽн
Һарун хикаясы», «Үшбу китаб хазірет Зұлхарнайын... қиссасы», «Қисса
Бҽдір» [9].
ҼДЕБИЕТТЕР
1. Маллаев Н.М. История узбекской литературы с древнейших времен до ХVІІ
века. – Ташкент, 1963. –180 б.
2. Әуезов М. Ҽр жылдар ойлары. – Алматы: Қазмемкҿркемҽдеббас, 1959. – 556 б.
3. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 163 6.
4. Қыраубайқызы А. Ежелгі ҽдебиет. – Астана: Елорда, 2001. – 224 б.
5. Наджип Э.Н. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и
литератур. – Түркістан: Тұран, 2007. – 268 б
6. Рабғузи. Қисса-сул-ҽнбийя-й. Адам-Атадан Мұхаммед ғалайһи-уҽссҽлҽмға
дейін. / Қазақ тіліне аударған Роза Мұқанова. – Алматы: Санат, 2001. – 248 б
7. Рабғузи Насреддин. Қисас-ул ҽнбия. / Араб тілінен аударған Ҽшім
Ҽріпбайұлы. –Астана: Фолиант, 2008. – 552 бет.
8. Шәді тӛре .
Ибраһим Пайғамбардың хикаяты.
–Алматы:
Қазақстан,
1999.
–88 б.
9. Субханбердина Ү., Сейфуллина Д. Қазақ кітабының шежіресі (1807-1912 жж).
– Алматы, 1995. – 220 б.