1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет24/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
3. Күрделі сҿз басқа сҿздің жасалуына негіз болу қасиетін белгілі 
дҽрежеде сақтаған, ал идиом, фразаларда ол қасиет жоқ. 
4. Идиом, фразалардың дені басқа тілге сҿзбе-сҿз аударуға келмейді, 
күрделі сҿздердің жеке түрлері болмаса, кҿпшілігін басқа тілге аударуға 
болады [2]. 
Атаулық тіркесті тұрақты тіркестің бір түрі деп есептейтін ғалым 
С.Исаев оның фразеологиялық тіркестерден айырмашылығын былай 
кҿрсетеді: «мағынасының дҽлдігімен, тұрақтылығымен жҽне кҿбінесе 
терминдік ұғымдарды білдіруімен байланысты атаулық тіркестердің 
синонимдері болмайды. Ал фразеологиялық тіркестің мағынасын екінші 
сҿзбен, я тіркес арқылы жеткізуге болады. Мысалы, тауы қайту (беті қайту), 
мұрнын шүйіру (менсінбеу), т.б.
Атаулық тіркестердің басыңқы немесе тіркес құрауға ұйтқы болған 
діңгек сҿзі кҿрініп тұрады. Ол негізінен анықталушы сҿз болады. Мысалы, 
аяқ киім (бас киім), мал қора (қой қора), темір жол (тас жол), т.б. мұндағы 
діңгек сҿздер: киім, қора, жол. Фразеологиялық тіркестерде жоғарыдағыдай 
діңгек сҿзді айқындау ҿте қиын», - дейді [3, 14-б.]. Ғалым атаулық жҽне 
фразеологиялық тіркестердің грамматикалық байланысу жолдарында да 
ҿзгешеліктер бар екенін атап кҿрсетеді: «Фразеологиялық тіркес 
құрамындағы сҿздер қазіргі синтаксистік байланыс тҽсілдерінің қай-қайсысы 
арқылы болса да байланысып, ҿз ішінде сҿйлемнің барлық мүшесі бола 
алады. Ал атаулық тіркестерде ондай универсалдық, жан-жақтылық жоқ. 
Атаулық тіркес құрамындағы сҿздер кҿбінесе анықтауыштық қатынаста 
қабыса не матаса байланысады» [3, 75-б.] - деп қазақ тіліндегі жалпы тіркес 
атаулыны үш топқа болу керек деген ой айтады: еркін (синтаксистік) тіркес; 
түйдекті тіркес; тұрақты тіркес. Тұрақты тіркестің ҿзін екі топқа бҿледі: 
фразеологиялық тұрақты тіркестер жҽне атаулық тұрақты тіркестер. 
Ғалым М.Мамаева тілде атаулық қызмет атқаратын тіркестердің ішінде 
жасалуы жағынан ҿзіндік заңдылығы бар тілдік топтар кездесетінін, яғни 
белгілі бір ұғым тҿңірегінде бір сҿздің бірнеше сҿзбен ғана шектеліп тіркесіп, 
ұғым жағынан ҿзара байланысты топтар құрайтынын ерекше атап кҿрсетеді. 
Мұндай тіркестерді Г.Рысбай шектеулі тіркестер деп атап: «Шектеулі 
тіркестер белгілі бір ұғымдар тҿңірегінде шектеліп жұмсалады. Оның 
құрамындағы сыңарлары кез-келген сҿзбен тіркеспей, арнайы бірнеше сҿзбен 
ғана тіркесіп, белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Олардың 
құрамы мен қолданылуы біршама тұрақты болып келеді» деген түсінік береді 
[4]. М.Мамаева мұндай тілдік құбылысты тұрақты тіркес пе, күрделі сҿз бе 
дей келіп, атаулы тіркес пен шектеулі тіркестің белгілері фразеологизмге 
ұқсас болғанымен, мұндай тіркестер тұрақты тіркестен күрделі сҿзге ауысып 
жатқан тұлғалар деп есептейді [5].
Мақалада осы тұрақты тіркестердің кҿмекші сҿздерге қатысы 
синтаксистік тұрғыда қарастырылады. Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл 
білімінің синтаксис саласында зерттеу – оның ашылмаған сан қырының бірі.


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет