АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 жүйесін қолдана бастады. Алғашқы түрік газеттерінде де батыс газеттеріндегі
сияқты материалдар ҿте аз болған. Кҿбінесе кҿлдей мҽтіндерден тұратын
материалдар берілетін еді. Офсет баспа жүйесіне ҿткеннен кейін, Түркияда
кейбір газеттер модуляр бет безендіруін, кейбіреулері этнографиялық бет
безендіруін қолданып кҿрді. Осы бет безендіруімен бір қатарда түріктерге
тҽн (витриналық) бет безендіруі пайда болған. Түркияда алғаш жарияланған
газет, екі бағанада, таблоид ҿлшемде берілген "Таквим-и Векаи" (Takvim-i
Vekayi) газеті болып табылады. Газеттің алғашқы саны 40х27 см ҿлшемде, екі
бағанада берілген ақпараттық мҽтіннен тұратын еді. Сондай-ақ, екі парақтан
тұратын (ішкі жағына мҽтін жазылған, сырт жағы бос) қосымшасы да болған.
Газеттің алғашқы басылымында бүкіл колонтитулдар (бас тақырыптар) үлкен
харіппен берілген еді. Алғаш рет шыққан жекеменшік газет "Жериде-и
Хавадис" (Ceride-i Havadis (1840 ж.) газеті болды. Батыстың газеттеріне
ұқсатып ҿрнекті тақырыптармен берілген бірақ, "Таквим-и Векаи" сияқты екі
бағанаға бҿлінген. "Рузнаме-и Жериде-и Хавадис" (Ruzname-i Ceride-i
Havadis) газеті 1847 жылы ақпараттардың артуына байланысты газеттегі
бағана санын екіден үшке кҿбейтті. Сондай-ақ, ол хабарландыру (ҿлім
туралы) берген алғашқы газет болып есептеледі. 1865 жылы жариялануды
бастаған "Айине-и Ватан" (Ayine-i Vatan) газеті Түркияда алғаш рет сурет
басып шығарған газет болып саналады. Баспада ҽр түрлі жаңалықтар іздеудің
арқасында жергілікті "Коня" (Konya (1869) газеті бес бағанада мҽтін берді
жҽне ҽр түрлі ҿлшемдерде бет безендірулерін жасады. Түрік газет
басылымында алғаш рет алты бағанада мҽтін хабарламаларын берген
"Икдам" (İkdam (1889) газетін де атап ҿтуге болады. Осы жылдарда
жариялана бастаған "Ханымлара Махсус Газете" (Hanımlara Mahsus Gazete
(1895) жҽне "Ресимли Газете" (Resimli Gazete (1899) кҿп мҿлшерде суреттер
қолданған газеттер болды. 1900 жылдардағы газеттерді қарап шыққан кезде,
айдарсыз мҽтіндердің азая бастағанын, ақпараттардың топтастырылып
берілгенін түрік баспасҿзінің безендіруін зерттеуші ғалымдары жазды. 1900
жылдары газет беттерінде қолмен салынған суреттердің орнына фотосуреттер
қолданыла бастаған. ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында Түркияда
журналистика техникасы ҽлдеқайда дамыған, таралымы да артқан. Сондай-
ақ, осы кезеңде газеттердің витриналық беттерінде колонтитулдардың да
артқанын кҿруге болады [3].
Міне бұл Түркиялық баспасҿз беттеуінің даму тарихында жүріп ҿткен
жолдары болатын. Бүгінгі Түркияда газет-журнал беттерінің безендірілуінде
дизайн мен журналистика принциптері бір-бірімен байланысып, тепе-тең
қолданылса, беттің дизайны (ҽрленімі) дұрыс болады деп есептейді.
Журналистиканың міндеті, ақпаратты жақсы беру жҽне бет безендіруін
кемшіліксіз ету. Яғни, безендіру кезінде ақпаратты екінші кезеңге ысырып
тастамауы керек. Бет жасауда бірнеше факторлар назарда болады.
Қарапайымдылық:1 – қарапайым жҽне жеңіл болуы. 2 – бетті жалпы бір
бүтін деп қарау. 3 – кҿркемеу элементтерін оңды-солды қолдану оқырманды