Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
КК Диф зачёт

Нуржігіт Алтынбеков 
см тереңдікте кысқашты ашады, демді сыртқа шығарған кезде бранштарды бір-біріне 
жымдастырады. Әдетте осындай әдістердің көмегімен өкпе тінінен гистологиялық тексеріске 
толық жететін 2—3 үзінді алынады. Асқыну байқала қоймайды, аздаған қан түкіру 
соншалықты кауіпті емес. Жекелеген жағдайларда ішкі (висцералды) плевра зақымданғанда, 
пневмоторакс түзілуі мүмкін. 
Өкпе және көкірек қуысы биопсияларының түрлері. 
1 — бронхоскоп арқылы бронхыайырығы лимфа түйіндеріні пункциясы; 2 — қысқашты 
биопсия; 3 — шөткелі биопсия; 4 — бронхы қабырғасының пунк-циялы биопсиясы; 5 — 
трансторакалды инелі өкпе биопсиясы; 6 — торакоскоп арқылы өкпенің шөткелі биопсиясы; 7 
— өкпенің ашық биопсиясы. 
Трансторакалды инелі биопсия. Бұл — плеврадан және өкпеден шприцтің және иненің 
көмегімен (1-суретті кара) гистологиялық және цитологиялық тексеріске қажетті материалдар 
алу үшін кеңінен қолданылатын тәсілдердің бірі. Трансбронхиалдық биопсия сәтсіз жасалса, 
немесе кейбір себептерге байланысты оны жасау тиімсіз деп саналса, өкпенің шеткі 
бөлімдерінің зақымдануы кезівде инелі биопеияны қолданады. Инелі биопсия жасаудың кері 
көрсеткіштері — қан ұю жүйесінің патологиясы, эмфизема, жалғыз қалған өкпенің 
зақымдануы. 
Инелі биопсия жасауга кәдімгі жіңішке (аспирациялық биопсия), немесе арнайы, жуандау 
инелер (трепанациялық биопсия) қолданылады. Бұндай инелердің әртүрлі құрылымдық 
ерекшеліктері бар, олар өкпеден, плеврадан цитологиялық тексеріске ғана емес, сонымен 
қатар гистологиялық тексеріске жарамды материалдар алуға мүмкіндік тудырады. 
Науқасты рентген аппараты немесе компьютерлі томограф үстелінің үстіне жатқызып, 
жергілікті жансыздандырудан кейін тексерісті жүргізеді. Инені енгізетін нүкте (пункция 
жасайтын) нысанаға өте жақын жерде болуы қажет. Иненің өтуін рентгентеледидармен немесе 
компьютерлі томографиямен бақылайды. Компьютерлі томографиямен бақылау жүргізу 
техникасы жағынан күрделірек және оған едәуір уақыт кетеді, дегенмен ол ине ұшының 
нысаналы орынға дәл түсуіне мүмкіндік береді. Инемен материалды алған соң тез арада 
препарат дайындалып, цитологиялық тексеріс жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пункция 
алуды қайталауға болады. 
Трансторакалды инелі пункция алу көмегімен 80—90%-ке дейінгі жағдайда диагнозды 
растауға болады. Осы тәсілдің қатерлі ісікте көмегі айтарлықтай, ал, керісінше өкпенің 
қабынулы ауруларында көмегі төмен. Биопсия жасағанда қан кету, спонтанды пневмоторакс, 
тесілген өзек бойында имплантациялы көшінділердің дамуы сияқты асқыну процестері де 
болуы мүмкін. 
Ашық биопсия. Ашық биопсия дегеніміз — кеуде қуысын ашып, өкпеден, плеврадан немесе 
лимфа түйіндерінен үзінді (биоптат) алу. Негізінде ашық биопсия өкпенің диффузды және 
диссеминацияланған (шашыранды) ауруларында, сонымен қатар биопсияның басқа түрлері 
нәтиже бермеген жағдайда қолданылады. Науқасқа наркоз жасағаннан соң қабырғааралық 
кеңістікті кішкене кесіп немесе медиастинотомиядан кейін ашык үзінді алынады. Ашық 
биопсиянын артықшылығы — бір немесе бірнеше жерден үлкен биоптаттар (үзікті заттар) алу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет